Пятница, 25 октября
Меню

Асаин Байханов наградил лучших школьников региона

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 28
Асаин Байханов наградил лучших школьников региона
Фото: Валерий Бугаев

В преддверии Дня Республики Асаин Байханов наградил школьников-победителей интеллектуальных, творческих и спортивных состязаний областной премией «Тәуелсіздік ұланы». Об этом сообщила пресс-служба главы региона.

В этом году заявки на участие в конкурсе на соискание премии подали более 700 школьников. заявок. В областной этап прошли 258 претендентов. По его итогам комиссия определила 100 лауреатов премии.

Глава региона вручил победителям нагрудные знаки «Тәуелсіздік ұланы» и денежные сертификаты в размере 180 тыс. тенге за высокие достижения в номинациях «Научно-техническое творчество и учебно-исследовательская деятельность», «Творческое мастерство», «Спортивное мастерство».

«Каждый из вас — это яркий пример того, как труд, знания и целеустремленность могут привести к успеху. Вы живете в очень интересное время. Период цифровой трансформации и быстро меняющихся условий жизни открывает для каждого из вас огромные возможности и перспективы получения современных знаний и приобретения hard skills и soft skills», — отметил Асаин Байханов.

В числе лауреатов премии: ученица школы № 18 Экибастуза, победитель республиканского конкурса «Балалар — ел болашағы» в номинации «Лучший спикер» Әмина Әбдікәрім, студент павлодарского колледжа информационных технологий, обладатель золотой медали VIII республиканского чемпионата профессионального мастерства «WorldSkills Kazakhstan-2023» в компетенции «Веб-разработка» Даниил Барт.

После церемонии награждения талантливая молодежь смогла пообщаться с главой региона. Асаину Байханову задавали вопросы о любимых книгах и видах спорта. Интересовались, что побудило его пойти на государственную службу, попросили поделиться секретами самоорганизации. А еще ребята хотели узнать, какой совет дал бы себе аким Павлодарской области, если бы мог вернуться в прошлое.

«Хочу выразить от имени всех сельских школьников особую благодарность за поддержку, которую вы оказываете нам. Думаю, такие встречи полезны для подрастающего поколения. Мы получаем стимул и вдохновение, чтобы и дальше учиться, и постигать новое. Премия «Тәуелсіздік ұланы» является отличной мотивацией для дальнейших достижений», — сказала ученица 9-го класса Мичуринской средней школы Павлодарского района Ева Мосияш.

Церемония награждения премии «Тәуелсіздік ұланы» одновременно прошла во всех городах и райцентрах области в режиме видеоконференцсвязи.

Напомним, премия «Тәуелсіздік ұланы» учреждена акиматом Павлодарской области для поддержки талантливых и одаренных школьников. Обладатели премии награждаются нагрудным знаком и получают единовременное вознаграждение.

***

Республика күні қарсаңында Павлодар облысында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаттары марапатталды

Облыс әкімі Асайын Байханов оқушыларды облыстық «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығымен марапаттады. Олардың қатарында зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздары бар.

«Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы дарынды және талантты оқушыларды қолдау үшін облыс әкімдігімен тағайындалған.  Сыйлық иегерлері төсбелгімен марапатталып, біржолғы сыйақы алады.

Биыл конкурсқа қатысуға 700-ден астам өтінім түсіп, облыстық турға 258 үміткер жіберілді. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының 100 лауреатын анықтады.

Салтанатты марапаттау рәсімі басталар алдында балалар облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысып, өңір басшысының жұмыс кабинетінде болды.

Асайын Байханов сыйлық иегерлерін құттықтап, дарынды балаларды қолдау — еліміздің білім беру саясатының басты міндеті екенін атап өтті.

— Сіздердің әрбіріңіз еңбектің, білімнің және адалдықтың табысқа қалай жетелейтінінің жарқын мысалы болып табыласыздар. Сіздер өте қызықты уақытта өмір сүрудесіздер. Цифрлық трансформация және жылдам өзгерістер кезеңі әрқайсыларыңыз үшін заманауи білім алуға және hard skills пен soft skills алуға зор мүмкіндіктер мен перспективалар ашады, -деп өңір басшысы атап өтіп, өз оқушыларын жоғары нәтижелерге жетелеген ұстаздарға да алғысын білдірді.

Облыс әкімі «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі», «Шығармашылық шеберлік», «Спорттық шеберлік» номинациялары бойынша жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларға «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісін және 180 мың теңге мөлшерінде ақшалай сертификат табыс етті. Беделді марапатқа: «Балалар — ел болашағы» республикалық байқауының «Үздік спикер» номинациясы бойынша жеңімпазы — Екібастұз №18 ЖОББМ оқушысы Әмина Әбдікәрім, «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының «веб-әзірлеу» құзыреттілігі бойынша алтын медаль иегері — Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Даниил Барт және т.б балалар ие болды.

Кездесу белсенді диалог форматында жалғасты. Облыс әкіміне сүйікті кітабы, жас кезінде қандай спорт түрімен айналысқаны, алғашқы жұмыс күнінен қандай тәжірибе жинағаны, мемлекеттік қызметке келуге не түрткі болғаны сияқты сұрақтар қойылды.

Оқушылар өзін-өзі ұйымдастырудың құпияларымен бөлісуді сұрады. Сондай-ақ, балалар әкімнен жасөспірімдерге қандай фильмдер көруге кеңес беретінін, қандай маңызды өмірлік құндылықтарды ұстанатынын және егер өткенге оралса, жас кезінде өзіне қандай кеңес беретінін сұрады.

— Барлық ауыл оқушыларының атынан бізге көрсетіп жатқан қолдауыңыз үшін сізге алғыс айтамын. Мұндай кездесулерді өскелең ұрпақ үшін пайдалы деп санаймын. Біз жаңа шыңдарды бағындыру үшін білім алуға шабыт аламыз. «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы алдағы жетістіктер үшін тамаша мотивация, — деп Павлодар ауданының Мичурин жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Ева Мосияш қуанышымен бөлісті.

«Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын марапаттау рәсімі бір мезгілде облыстың қалалары мен аудан орталықтарында бейне-конференц байланыс режимінде өтті.