Четверг, 28 марта
Меню

Итоги 2022 года. Отвечаем на самые частые вопросы к ERG

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 984
Итоги 2022 года. Отвечаем на самые частые вопросы к ERG
Фото предоставлено ERG

410 млрд 387 млн тенге налогов выплатила ERG Казахстан (Евразийская Группа) в бюджет страны в 2022 году. Размер социальных инвестиций составил 43 млрд 884 млн тенге.

2022 год стал для ERG Казахстан годом новых вызовов. Несмотря на геополитическую ситуацию, сказавшуюся на логистических и ремонтных возможностях, предприятия Группы продолжали работать и выполнять свои обязательства перед всеми стейкхолдерами.

— Из-за геополитической ситуации мы вынуждены были искать новые рынки сбыта, у нас остро встали вопросы с приобретением запасных частей, но мы не остановили ни одно оборудование, не прекратили реализацию инвестпроектов, — утверждает председатель совета директоров ERG Александр Машкевич.

В 2022 году на предприятиях Группы было произведено:

  • •           Ферросплавы – 1 млн 707 тыс. тонн;
  • •           Железорудное сырье – 10 млн 594 тыс. тонн;
  • •           Глинозем – 1 млн 338 тыс. тонн;
  • •           Алюминий –  249 тыс. тонн;
  • •           Уголь – 29 млн 876 тыс. тонн;
  • •           Электроэнергия – 17 778 млн. кВтч.

Несмотря на сложный год, производственные показатели по всем видам продукции, кроме железорудного сырья, выросли или остались на уровне 2021 года.

В 2022 году ERG инвестировала в модернизацию и развитие производства в Казахстане более 380 млрд тенге.

В ферросплавном дивизионе продолжается строительство шахты «10-летия независимости Казахстана» и завершается строительство фабрики по переработки шламовых хвостов ERG Green. Полным ходом идет реализация проектов Экологической стратегии ERG на Актюбинском и Аксуском заводах ферросплавов. Специалисты работают над проектом строительства ветроэлектростанции в Хромтау и утилизационной электростанции на феррогазе в Актобе.

В железорудном дивизионе осуществляется модернизация горно-перерабатывающего производства, реконструкция Качарского карьера, железнодорожной инфраструктуры АО «ССГПО» и АО «Качары руда», выполняется проектирование в рамках программы по развитию и поддержанию хвостохранилища.

В энергетическом дивизионе продолжается программа реконструкции энергоблоков Аксуской электростанции АО «ЕЭК», Рудненской ТЭЦ и строительства парогазовой установки на площадке АО «3-Энергоорталык». Строительно-монтажные работы ведутся по проектам второго ввода тракта топливоподачи и 2-й секции золошлакоотвала №3 АО «ЕЭК». На теплоэлектроцентрали АО «Алюминий Казахстана» в рамках Экологической стратегии ERG идет поэтапная реконструкция трех золоулавливающих установок на котлоагрегатах № 2, 5, 7. Уникальный проект предусматривает замену батарейного эмульгатора на рукавные, что позволит повысить качество и эффективность очистки пылегазовых смесей до европейского стандарта.

В угольном дивизионе завершается строительство завода по производству спецкокса и разрабатывается ТЭО строительства утилизационной электростанции АО «Шубарколь комир».

В алюминиевом дивизионе в рамках Экологической стратегии ERG идет замена фильтров печей спекания №4 и 5 на Павлодарском алюминиевом заводе.

Кроме того, в прошлом году установлены автоматические системы мониторинга на границах санитарно-защитных зон Актюбинского и Аксуского заводов ферросплавов, Донского ГОКа, Аксуской электростанции и разреза «Восточный» АО «ЕЭК». В рамках озеленения в родных регионах ERG высажено более 100 тыс. деревьев.

В прошлом году сотрудникам предприятий Группы повышена заработная плата, для рабочих специальностей она выросла минимум на 30%.  На эти цели Группа направила 70 млрд тенге.

В 2022 году компания ERG перечислила в бюджет страны 410 млрд 387 млн тенге (299 млрд 373 млн тенге по итогам 2021 года).

На благотворительность и социальные программы в 2022 году Группа выделила 43 млрд 884 млн тенге. Эта сумма по сравнению с 2021 годом выросла на 65%. ERG продолжила практику подписания с акиматами регионов присутствия Меморандумов о взаимном сотрудничестве, выделила 30 млрд тенге в фонд «Қазақстан Халқына».

Компания продолжила свои образовательные проекты:

  • ERG mektepke и ERG колледжам — развитие среднего и профессионально-технического образования, популяризацию инженерного образования и цифровых технологий;
  • — Школа предпринимательства для школьников Momentum,
  • Экосистема студенческого предпринимательства – развитие предпринимательства среди студентов и другие.

Успешно расширяется и масштабируется проект инициативного бюджетирования Tugan Qala, который в 2022 году охватил уже 5 населенных пунктов (Хромтау, Аксу, Рудный, п. Октябрьский и Качары). 43 идеи жителей этих регионов получат финансирование, победив в голосовании, в котором приняли участие 12 717 жителей городов-участников.

Компания организовала гастроли Astana Opera в родные города – Актобе, Павлодар, Рудный, Экибастуз, Караганду. В общзей сложности более 4000 жителей этих регионов посетили взрослый и детский спектакли.

– Каждый наш шаг к своим целям соответствует нашим ценностям и миссии – быть лучшими в том, что мы делаем и обеспечивать процветание тех, кто на нас полагается — резюмировал А. Машкевич.

2022 жыл қорытындысы. ERG-ге жиі қойылатын сауалдарға жауап береміз

Eurasian Resources Group (ERG) 2022 жылы Қазақстанға 410 млрд 387 млн теңге салық төледі. Құйылған әлеуметтік инвестиция көлемі – 43 млрд 884 млн теңге межесінде.

 2022 жыл ERG Қазақстанға жаңа сын-қатерлер кезеңі болды. Логистика мен жөндеу мүмкіндіктерін тұсаған геосаяси ахуалға қарамастан, Топ кәсіпорындары жұмысын жалғастырып, барлық стейкхолдерлер алдындағы міндеттемелерін атқарып шықты.

— Геосаяси ахуал салдарынан біз шұғыл жаңа нарықтар іздеуге мәжбүр болдық. Қосалқы бөлшектерді сатып алу қиындады. Алайда, біз бірде-бір жабдықтың тоқтауына жол бермей, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырдық,- деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

            2022 жылы Топ кәсіпорындары өндірген өнім көлемі:

  • •           Ферроқорытпа – 1 млн 707 мың тонна;
  • •           Темір кені шикізаты – 10 млн 594 мың тонна;
  • •           Глинозем – 1 млн 338 мың тонна;
  • •           Алюминий –  249 мың тонна;
  • •           Көмір – 29 млн 876 мың тонна;
  • •           Электр энергиясы – 17 778 млн. кВт/с.

Өткен жылдың ерекше күрделі болғанына қарамастан, тек темір кені шикізатынан өзге барлық өнім өндірісінде негізінен өсім бар. Негізгі көрсеткіштер 2021 жыл межесінде.

ERG 2022 жылы Қазақстандағы өндірісті дамыту мен жаңғыртуға 380 млрд теңгеден астам инвестиция құйды.

Ферроқорытпа дивизионында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахтаның құрылысын жалғастырып, шлам қалдықтарын өңдейтін ERG Green фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын. Ақтөбе мен Ақсу ферроқорытпа зауыттарында ERG-дің Экологиялық стратегия аясындағы жобалар ілкімді іске асырылып жатыр. Мамандар қазір Хромтау маңында жел электр станциясы мен Ақтөбеде феррогазбен жұмыс істейтін электр станцияның құрылысын қолға алған.

Темір кені дивизионында тау-кен өңдеу өндірісі жаңғыртылып, Қашар карьерін қайта құру,  «ССКӨБ» АҚ мен «Қашар кені» АҚ теміржолдарының инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Қалдық қоймаларын дамытып, қолдау бағдарламасы аясындағы істі жоспарлау жұмыстары қолға алынған.

Энергетика дивизионында «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының энергоблоктары мен Рудный ЖЭО-н қайта құру бағдарламасы жалғасып, «3-Энергоорталық» АҚ алаңында бу-газ қондырғысы салынып жатыр. «ЕЭК» АҚ №3 күл үйіндісіндегі 2-ші секция мен отын беру трактіндегі екінші желі жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасын тапты. ERG-дің Экологиялық стратегиясы аясында «Қазақстан алюминийі» АҚ жылу электр орталығында № 2, 5, 7 қазандық агрегаттарындағы күл қармаушы 3 қондырғы кезең-кезеңімен жаңартылып, қайта құрылып жатыр. Теңдессіз жоба аясында сүзгіні батареялы эмульгатордан жеңдікке алмастырып, құрамында шаң мен газ бар қоспаларды қармап қалу тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыру көзделген. Ауқымды істің тиімділігі – технологиялық газды еуропалық стандарттарға сай тазартуға жол ашады.

Көмір дивизионда спецкокс шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. «Шұбаркөл көмір» АҚ-нда залалсыздандыратын электр станциясын салудың техникалық экономикалық негідемесі әзірленіп жатыр.

Ал, алюминий дивизионында ERG-дің экологиялық стратегиясы аясында Павлодар алюминий зауытындағы №4 пен №5 күйжентектеу пештеріндегі сүзгілер алмастырылуда.

Одан бөлек, өткен жылы Ақтөбе мен Ақсу ферроқорытпа зауыттары, Дөң ТКБК, Ақсу электр станциясы мен «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің санитарлық қорғау аймақтары шекарасына автоматты мониторинг қондырғылары орнатылды. Көгалдандыру бағдарламасы аясында былтыр ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде 100 мыңнан астам түп көшет егілді.   

Өтен жылы Топ кәсіпорындарында еңбекақы көлемі ұлғайтылып, жұмысшы мамандықтар бойынша ол кемінде 30% өсті. Топ бұл мақсатқа қосымша 70 млрд теңге жұмсаған.

ERG 2022 жылы еліміздің бюджетіне 410 млрд 387 млн теңге салық төледі (2021 жылы 299 млрд 373 млн теңге төленген).

2022 жылы Топ қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларға 43 млрд 884 млн теңге бағыттаған. 2021 жылмен салыстыратын болсақ, бұл сома 65% артқан. ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әкімдіктерімен Меморандумдар жасасу тәжірибесін жалғастырып, «Қазақстан халқына» қорына 30 мрлд теңге бөлген болатын.

Компания өзінің төмендегі білім беру жобаларын жалғастырды: 

  • — ERG mektepke және ERG колледждерге – кәсіби техникалық және орта білім беруді дамыту, инженерлік білім мен цифрлық технологиялардың танымалдығын арттыру;
  • — Мектеп оқушыларына арналған Momentum кәсіпкерлік мектептері,
  • — Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі – студенттер арасында кәсіпкерлікті дамыту және т.б..

Tugan Qala  бастамалы бюджеттендіру жобасы да кеңіп, ауқымын ұлғайтып келеді. 2022 жылы ол 5 елді емкенді қамтыды (Хромтау, Ақсу, Рудный қалалары мен Октябрьский және Қашар кенттері). Тұрғындардан келіп түскен 43 идея қаржыландырылатын болды. Жалпы саны 12 мың 717 тұрғын дауыс берген байқауда осы бастамалар жеңіске жеткен.

Компания өзінің «туған қалалары» – Ақтөбе, Павлодар, Рудный, Екібастұз бен Қарағанды қалаларына Astana Opera-ның гастрольдік қойылымдарын ұйымдастырды. Осы қалаларда тұрып жатқан 4 мыңнан астам ересектер мен балалар кештен рухани азық алып, көзайым болып қуанды.

– Осы жолдағы әр қадам біздің миссиямыз бен құндылықтарымыз – өзіміз атқаратын істе үздік болып, бізге сенім артқандардың гүлденуін қамтамасыз ету мақсатынан туған, — деді А. Машкевич.