Воскресенье, 22 декабря
Меню

БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі ай сайынғы төлем мен біржолғы төлем мөлшері ұлғайтылды

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 751
БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі ай сайынғы төлем мен біржолғы төлем мөлшері ұлғайтылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында және ҚР «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі зейнетақы (ТЗ) мөлшерін 38 636 теңгеден 40 441 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс (ТК) шамасын 31 183 теңгеден 32 668 теңгеге дейін ұлғайту көзделген өзгерістер мен толықтырулар негізінде БЖЗҚ-дан берілетін мына төлемдер мөлшері арттырылды: 

— төлем кестесі бойынша ай сайын жүзеге асырылатын ең төменгі төлем мөлшері 17 640,72 теңге (төменгі күнкөріс деңгейінің 54%) (бұрын 16 838,82 теңге болған),

— бір рет біржолғы берілетін зейнетақы төлемінің мөлшері, яғни өтініш берген күндегі зейнетақы жинағының сомасы ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдай, — 485 292 теңге (бұрын 463 632 теңге).

Бұған қоса мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің (базалық зейнетақы) және мемлекеттік бюджеттен төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері ұлғайтылды.

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері жиынтық еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем мерзімді құрайтын адамдар үшін енді 17 641 теңгеге (бұрын 16 839 теңге) тең. Әрбір еңбек еткен жылы үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 2% қосылады. Еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болса, базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері төменгі күнкөріс деңгейінің 100%  немесе 32 668 теңгені құрайды.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгеге дейін өсті, бұл жасы бойынша есептелген зейнетақы төлемінің толық көлемдегі мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде тағайындалатын адамдарға қатысты.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды 10% жылдық мәнге индекстеу жүргізілді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейін 5%–ға, ал жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға озумен) ескере отырып, базалық зейнетақы мөлшерін жыл сайынғы индекстеу жүргізілді.

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алып отырған көлемнен қосымша 5%-ға артты. 

Осылайша қазақстандықтардың базалық зейнетақы төлемдері, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан берілетін жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің жиынтық мөлшері өсті.