Суббота, 23 ноября
Меню

День опекуна «Мейірімді жүрек» отметили в Павлодаре

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 63
День опекуна «Мейірімді жүрек» отметили в Павлодаре
Фото: Валерий Бугаев

В Павлодаре в честь Дня опекуна, который отмечается в Казахстане 29 октября, прошла встреча приемных родителей, попечителей, патронатных воспитателей и наставников со всего региона. Собравшихся поздравил аким Павлодарской области Асаин Байханов.

«Каждый из вас для меня герой. Самое большое наше богатство, ради кого мы готовы жертвовать собой, вкладывая всю свою душу – это дети. Благодаря вам, людям с большим сердцем, 995 детей региона взяты под опеку и попечительство, 68 находятся на патронатном воспитании. Брать на себя ответственность за чужого ребенка, любить его, как своего, – высшее проявление человечности», — отметил глава региона.

Торжественный прием прошел в неформальной обстановке. Приемные родители и опекуны делились друг с другом опытом. Так, многих покорила история маленькой школы села Екішоқ Железинского района, где не только директор, но и все работники школы взяли под опеку детей.

В этом же районе жительница села Кузьмино Айжан Каркенова приняла в семью девочку из регионального центра поддержки детей. В поселке Майкаин Баянаульского района Алуа Алибекова заботится и воспитывает двоих детей и двух братьев и сестер. История Айгуль Киякбаевой, взявшей под опеку сироту, инвалида первой группы, одноклассника сына Варлама Свичкарь затронула сердце каждого.

В День опекуна отдать дань уважения своим приемным родителям пришли их дети, многие из которых сейчас работают в детских домах. Более 40 выпускников трудятся на крупных предприятиях области. Магинур Латыпова, ведущий инженер рудника «Богатырь комир», чемпионка республиканских турниров, выпускница центра «Умит» Экибастуза благодарила за успехи в жизни наставника Нагиму Абдрахманову.

Огромную поддержку детям-сиротам оказывают социальные партнеры, которые организовывают праздники, экскурсии, становятся друзьями и наставниками. В большинстве случаев деятельность социальных партнеров и членов попечительского совета постепенно перерастает в наставничество. Проект «Наставники» успешно реализуется в Казахстане уже несколько лет, и в этом году в рамках него в Павлодарской области работают 44 пары наставников и детей.

А благодаря проекту «Оқушыдан оқушыға» ученики-волонтеры школы-лицея «Жас дарын» в прошлом году обучали воспитанников детской деревни семейного типа села Кенжеколь. В результате 11 воспитанников поступили в лицей для одаренных детей. В этом году ученики «Жас дарына» взялись обучать еще 27 воспитанников детской деревни.

Приемных родителей, попечителей, патронатных воспитателей и наставников, социальных партнеров отметили Благодарственными письмами акима Павлодарской области.

***

Павлодар облысында «Мейірімді жүрек» Қамқоршы күні атап өтілді

29 қазан күні Қазақстанда атап өтілетін мереке қарсаңында өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған асырап алушы ата-аналар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер мен тәлімгерлердің кездесуі өтті.

Өзгенің баласын өзектен теппей бауырына басқан қамқоршы жандарды облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

Салтанатты қабылдау бейресми жағдайда өтті. Өңір басшысы барлық қатысушыларға арнаған сөзінде, ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы қамқорлыққа алу — бұл үлкен жауапкершілік және орасан зор еңбек екенін атап өтті.

— Сіздердің әрбіріңіз мен үшін батырсыздар. Балалар біздің ең үлкен байлығымыз және олар үшін барымызды беруге әзірміз. Сіздер сияқты жүрегі кең жандардың арқасында аймақтың 995 баласы қамқоршылыққа алынды, 68 бала патронаттық тәрбиеде. Біреудің баласы үшін мойнына жауапкершілік алу, оны өз баласындай сүю — адамгершіліктің ең жоғары көрінісі, — деп атап өтті өңір басшысы.

Кездесуде патронат ата-аналар мен қамқоршылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Балаларды тек мектеп директоры ғана емес, мектептің барлық қызметкерлері де қамқорлығына алған Железин ауданының Екішоқ ауылындағы шағын мектептің тарихы көпшілікті тәнті етті. Осы аудандағы Кузьмино ауылының тұрғыны Айжан Каркенова өз отбасына өңірлік балаларды қолдау орталығынан қыз баланы қабылдады. Баянауыл ауданының Майқайың кентінде Алуа Әлібекова екі баласын және екі бауыры мен сіңлілерін тәрбиелеп отыр. Ұлының сыныптасы, жетім қалған I топтағы мүгедек бала Варлам Свичкарды қамқорлығына алған Айгүл Қияқбаеваның оқиғасы барша жанның жүрегін селт еткізбей қоймады.

Қамқоршы күні асырап алған ата-аналарына құрмет көрсету үшін олардың балалары келді, олардың көпшілігі балалар үйінде жұмыс істейді. 40-тан астам түлек облыстың ірі кәсіпорындарында еңбек етеді.

«Богатырь көмір» кенішінің жетекші инженері, республикалық турнирлердің чемпионы, Екібастұз қаласының «Үміт» орталығының түлегі Магинур Латыпова өмір жолындағы жетістіктері үшін тәлімгері Нағима Әбдірахмановаға алғысын білдірді.

Әлеуметтік серіктестер жетім қалған балаларға мерекелер, экскурсиялар ұйымдастыруда үлкен қолдау көрсетуде. Көп жағдайда әлеуметтік серіктестер мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің қызметі біртіндеп тәлімгерлікке айналуда. «Тәлімгерлер» жобасы Қазақстанда бірнеше жылдан бері табысты іске асырылып келеді және биыл осы жоба аясында Павлодар облысында 44 жұп тәлімгер мен балалар жұмыс істейді.

Ал, «Оқушыдан оқушыға» жобасы арқасында «Жас Дарын» мектеп-лицейінің ерікті оқушылары өткен жылы «Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылының» тәрбиеленушілерін оқытты. Нәтижесінде 11 тәрбиеленуші дарынды балаларға арналған лицейге оқуға түсті. Биыл «Жас дарын» оқушылары балалар ауылының тағы 27 тәрбиеленушісін оқытуды қолға алды.

Асырап алушы ата-аналар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер мен тәлімгерлер, әлеуметтік әріптестер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.