Суббота, 23 ноября
Меню

Повышение качества жизни сельчан обсудили на форуме в Павлодаре

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 47
Повышение качества жизни сельчан обсудили на форуме в Павлодаре
Фото: Валерий Бугаев

В Павлодаре по инициативе партии «Amanat» провели форум сельских акимов. В его работе принял участие аким Павлодарской области Асаин Байханов. Об этом сообщила пресс-служба главы региона.

«В этом году я посетил более 50 сел региона, встречался с акимами округов по реализации госпрограмм и нацпроектов. «Сильные регионы — сильная страна» — это не просто слова, а определяющая формула в построении Справедливого Казахстана. Работа сельского акима не ограничивается рабочим днем, а работа с населением не ограничивается приемными часами. Перед нами всеми стоит общая цель – повышение качества жизни населения и развитие региона. Это сложная многовекторная работа на глазах односельчан», — отметил Асаин Байханов.

Депутаты областного и городского маслихатов, члены регионального филиала партии «Amanat» совместно с акимами на открытой диалоговой площадке рассмотрели актуальные вопросы сел. Главной темой форума стало обсуждение проектов, направленных на повышение качества жизни сельчан.

В Павлодарской области 355 сельских населенных пунктов объединены в 126 самостоятельных сельских бюджетов. В регионе отмечается поступательное развитие сельских округов. В этом году объем бюджета местного самоуправления составил 21,1 млрд тенге, что на 21% больше по сравнению с прошлым годом. В среднем финансовая обеспеченность сельского бюджета составляет 9% и до 90% компенсируется субвенцией и трансфертами из вышестоящих бюджетов.

В этом году более 6 млрд тенге из областного бюджета выделены на реализацию порядка 250 проектов. Средства распределены на 117 сел, тем самым, обеспечен охват трети всех сельских населенных пунктов области.

Впервые за последние 15 лет в рамках взаимодействия бизнеса и государства выкуплено более 800 квартир для очередников из социально-уязвимых групп населения, в том числе 313 квартир в 10 районах области.

Развитию и модернизации сел помогает реализация госпрограммы «Ауыл – Ел бесігі». В этом году ею охвачены 15 сел. Это ремонт и строительство водопроводов, спортивных объектов, домов культуры, благоустройство, асфальтирование подъездных автодорог к селам.

Проект «Ауыл аманаты» дал возможность в этом году открыть новые предприятия, расширить возможности переработки, приобрести новое поголовье, а также создать более 100 новых рабочих мест.

«Административная реформа дает результаты. Полномочия делегируются с центрального уровня вниз для решения местных проблем. Выборы сельских акимов представляют новый этап политической модернизации, а также демонстрируют последовательность и эффективность проводимых реформ. Это означает, что у вас есть поддержка местного населения, и вы создаете свою собственную модель управления селом. В следующем году выборы акимов пройдут во всех городах и районах. Кроме того, проводится бюджетная децентрализация. Необходимо повышать финансовую самостоятельность местного самоуправления. В частности, правительству поручено пересмотреть механизм формирования бюджета и расходования средств сельскими акимами в рамках разработки новых Бюджетного и Налогового кодексов», — рассказал руководитель Центрального аппарата партии «Amanat» Мади Оспанов.

Форум дал возможность сельским акимам и депутатам обменяться опытом, уточнить ряд вопросов, определить планы на будущее. Во второй части мероприятия для участников провели обучающий семинар-тренинг по формированию и использованию бюджета сельского округа.

***

Павлодар облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті

«Amanat» партиясымен ұйымдастырылған форумның жұмысына облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.

— Биыл мен өңірдің 50-ден астам ауылына барып, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру бойынша округ әкімдерімен кездестім. «Қуатты өңірлер — қуатты ел» — бұл жай ғана сөз емес, Әділетті Қазақстанды құрудағы айқындаушы формула. Ауыл әкімінің қызметі жұмыс күнімен шектелмейді, ал, халықпен жұмыс жасау тек қабылдау сағаттарымен шектелмейді. Барлығымыздың алдымызда ортақ мақсат — халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірді дамыту тұр. Бұл күрделі әрі көп салалы жұмыс, — деді өңір басшысы.

Облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, Amanat партиясының өңірлік филиалының мүшелері әкімдермен бірлесіп ашық диалог алаңында ауылдардың өзекті мәселелерін қарады. Форумның басты тақырыбы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды талқылау болды.

Павлодар облысындағы 355 ауылдық елді мекен 126 дербес ауылдық бюджетке біріктірілген. Өңірде ауылдық округтердің үдемелі дамуы байқалады. Биыл жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің көлемі 21,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артық. Орташа алғанда, ауылдық бюджеттің қаржылық қамтамасыз етілуі 9% құрайды және 90%-ға дейін жоғары тұрған бюджеттерден субвенциямен және трансферттермен өтеледі.

Биыл облыстық бюджеттен 250-ге жуық жобаны іске асыруға 6 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаражат 117 ауылға бөлініп, облыстың барлық ауылдарының 1/3 бөлігі қамтамасыз етілді.

Соңғы 15 жылда алғаш рет «бизнес пен мемлекеттің» өзара әрекеттестігі шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар үшін 800-ден астам пәтер, оның ішінде облыстың 10 ауданында 313 пәтер сатып алынды.

Ауылдарды дамыту мен жаңғыртуға «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру көмектесуде. Биыл 15 ауыл қамтылды. Бұл су құбырларын, спорт нысандарын, мәдениет үйлерін жөндеу және салу, ауылдарды абаттандыру, ауылдардың кірме жолдарына асфальт төсеу.

«Ауыл аманаты» жобасы биыл жаңа кәсіпорындар ашуға, қайта өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге, мал басын көбейтуге, сондай-ақ, 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов бүгінгі таңда әкімдер — ел үміті екенін атап өтті.

— Әкімшілік реформа өз нәтижесін беруде. Жергілікті жердегі мәселелерді шешу үшін өкілеттіктер орталық деңгейден төменге беріледі. Ауыл әкімдерін сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңі, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалардың бірізділігі мен тиімділігін көрсетеді. Бұл дегеніміз, сіздерде  жергілікті тұрғындардан қолдау бар екенін білдіреді және сіздер ауылды басқаруда өздеріңіздің жеке моделін құрасыздар. Келесі жылы әкімдердің сайлауы барлық қалалар мен аудандарда өтеді. Сонымен қатар, бюджеттік орталықсыздандыру жүргізілуде. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін арттыру қажет. Атап айтқанда, Үкіметке жаңа бюджет және салық кодекстерін әзірлеу шеңберінде ауыл әкімдерінің бюджетті қалыптастыру және қаражатты жұмсау тетігін қайта қарау тапсырылды, — деді Мәди Оспанов.

Форум ауыл әкімдері мен депутаттар арасында тәжірибе алмасуға, бірқатар мәселелерді нақтылауға, болашақтағы жоспарларды анықтауға мүмкіндік берді. Іс-шараның екінші бөлімінде қатысушылар үшін ауылдық округ бюджетін қалыптастыру және пайдалану бойынша оқыту семинар-тренингі өткізілді.