Глава региона Асаин Байханов принял участие в традиционной августовской конференции педагогов «Digital Kazakhstan: современное образование». Об этом сообщила пресс-служба акима Павлодарской области.
Педагоги-новаторы, эксперты, представители госорганов и IT-компаний обсудили вопросы инновационного обучения, развития цифровых технологий в сфере образования и их внедрение в современные процессы обучения.
Асаин Байханов отметил, что предоставление равных возможностей к качественному образованию детей, минимизирование разрыва в получении новых знаний между сельскими и городскими школьниками — одна из главных задач. Для этого в регионе ежегодно выделяется более 10 млрд тенге на улучшение инфраструктуры учреждений образования.
Так, в этом году откроются новые центры дополнительного образования, где будут работать цифровые лаборатории и IT-кружки. Это центры «Алтын сақа» в Павлодаре и «Самғау» в Экибастузе. Кроме этого, в областном центре строятся две современные комфортные школы на 1800 мест.
Из 360 школ региона в 275 качество интернета соответствует стандартам. По сравнению с прошлым годом этот показатель повысился более чем в два раза. Высокоскоростным интернетом Starlink обеспечены 33 из 119 сельских школ региона. В течение следующего года аналогичную работу планируется провести в оставшихся 86 сельских учреждениях образования.
Особое внимание глава региона акцентировал на безопасности детей, защите юных пользователей от кибербуллинга, взлома аккаунтов и утечки личных данных.
«Мы должны научить детей правилам «цифровой гигиены». Поручаю с нового учебного года включить в программы школьных факультативов семинары по кибербезопасности, объясняющие основы защиты информации и поведения в интернете», — рассказал аким Павлодарской области.
В завершение конференции Асаин Байханов наградил лучших работников образования медалями «За заслуги перед областью», нагрудными знаками, почетными грамотами и благодарственными письмами акима области и министерства просвещения РК.
Лучшей организацией среднего образования была признана Малайсаринская средняя школа Майского района. Специальными грантами главы региона за успешную деятельность на протяжении ряда лет были отмечены учреждения образования Павлодара, Экибастуза, а также Майского и Иртышского районов.
***
Өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар облысының педагогика қызметкерлерінің «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында өткен дәстүрлі тамыз конференциясына қатысты.
Жаңашыл педагогтар, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен IT-компаниялардың өкілдері инновациялық оқыту, білім беру саласындағы цифрлық технологияларды дамыту және оларды заманауи оқыту үдерістеріне енгізу мәселелерін талқылады.
Облыс әкімі балалардың сапалы білім алуына тең мүмкіндіктер жасау, білім алуда ауыл мен қала оқушылары арасындағы алшақтықты азайту — бұл қазіргі білім берудің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Ол үшін жыл сайын өңірдің білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын жақсартуға 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Биыл цифрлық зертханалар мен IT-үйірмелер жұмыс істейтін жаңа қосымша білім беру орталықтары өз есігін айқара ашады. Бұл Павлодардағы «Алтын сақа» және Екібастұздағы «Самғау» орталықтары. Сонымен қатар, облыс орталығында 1800 орындық екі заманауи жайлы мектеп салынуда.
Өңірдегі 360 мектептің 275-інде интернет сапасы стандарттарға сәйкес келеді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі еседен астам өсті. Жоғары жылдамдықты «Starlink» интернетімен өңірдегі 119 ауыл мектебінің 33-і қамтамасыз етілген. Келесі жылы қалған 86 ауылдық білім беру мекемелерінде осындай жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Өңір басшысы балалардың қауіпсіздігіне, жас қолданушыларды кибербуллингтен, парақшаларын бұзудан және жеке деректерін қорғауға ерекше назар аударды.
— Біз балаларға «цифрлық гигиена» ережелерін үйретуіміз керек. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп факультативтерінің бағдарламаларына ақпаратты қорғау және интернетте өзін-өзі ұстау негіздерін түсіндіретін киберқауіпсіздік бойынша семинарларды қосуды тапсырамын, — деді облыс әкімі.
Конференция соңында өңір басшысы білім саласының үздік қызметкерлерін «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, облыс әкімінің және ҚР білім министрлігінің төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.
Орта білім берудің үздік ұйымы болып Май ауданының Малайсары орта мектебі танылды. Павлодар, Екібастұз, сондай-ақ, Май және Ертіс аудандарының мекемелері бірқатар жылдар бойы табысты қызметі үшін облыс әкімінің арнайы гранттарымен марапатталды.