Аким Павлодарской области Асаин Байханов вручил представителям строительной отрасли региона государственные награды. Об этом сообщила пресс-служба главы региона.
Орденом «Парасат» наградили генерального директора ТОО «Стальмонтаж» Александра Терентьева. Орденами «Құрмет» — Талгата Магрупова, Нурлана Нурмагамбетова и Нурлана Темірболатова. Еще ряд строителей были удостоены медалей «Ерен еңбегі үшін».
Асаин Байханов подчеркнул важность профессии строителей, отметив, что стройотрасль является ключевым драйвером экономического и социального развития как региона, так и страны в целом.
«Благодаря вашим усилиям значительно улучшается строительная инфраструктура, возводятся социальные объекты и жилые дома», — сказал глава региона.
Он также отметил успешную реализацию крупного проекта – строительство микрорайона Сарыарка, длившегося 10 лет и обеспечившего жильем более 3,5 тыс. семей. Упомянул Асаин Байханов и об ускоренном строительстве новых домов для жителей села Жалаулы, которые пострадали во время паводка.
«Впереди новые важные проекты. В областном центре строятся две «Комфортные школы» на 1800 мест, к началу нового учебного года откроются Центр инновационного творчества «Алтын Сақа» в Павлодаре и Центр детского творчества «Самғау» в Экибастузе. В сельских районах области возводятся 30 медицинских объектов. Также активно идет реновация экибастузского парка «Шахтер» и строительство Ледового дворца в Аксу», — добавил аким Павлодарской области.
***
Облыс әкімдігінде құрылыс индустриясын дамытуға қосқан үлестері үшін өңірдің құрылыс саласының өкілдері марапатталды.
Құрылысшылармен кездесуде облыс әкімі Асайын Байханов 10 жылға созылған және 3,5 мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еткен ірі жоба — «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысының табысты іске асырылуын атап өтті. Сондай-ақ, су тасқыны кезінде зардап шеккен Жалаулы ауылының тұрғындары үшін жедел түрде салынған жаңа үйлердің құрылысын атап өтті.
— Алда жаңа маңызды жобалар бар. Облыс орталығында 1800 орындық екі «Жайлы мектеп» бой көтеруде, жаңа оқу жылының басында Павлодарда «Алтын Сақа» инновациялық шығармашылық орталығы және Екібастұзда «Самғау» балалар шығармашылық орталығы ашылады.
Облыстың ауылдық аймақтарында 30 медициналық нысан салынуда. Сондай-ақ, Екібастұздағы «Шахтер» саябағын жаңарту және Ақсуда Мұз сарайының құрылысы белсенді жүргізілуде, — деп толықтырды өңір басшысы.
Әкім құрылыс саласы өңірдің де, тұтастай алғанда елдің де экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі драйвері болып табылатынын айтып, құрылысшылар кәсібінің маңыздылығын атап өтті.
— Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында құрылыс инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салынуда, — деді өңір басшысы.
Кездесу барысында бірқатар құрылысшыларға жоғары мемлекеттік наградалар табысталды. «Парасат» орденімен «Стальмонтаж» ЖШС бас директоры Александр Терентьев, «Құрмет» орденімен Талғат Магрупов, Нұрлан Нұрмағамбетов және Нұрлан Темірболатов марапатталды.
Асайын Байханов барлығына еңбектері мен істеріне деген адалдықтары үшін алғыс айтты.