Пятница, 3 января
Меню

Алғашқы ұсыныс-тілектер: мобильді қабылдау бөлімі жолға шықты

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 62
Алғашқы ұсыныс-тілектер: мобильді қабылдау бөлімі жолға шықты
Фото Константина Музалевского

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Амантай Жарқынбектің мобильді қабылдау бөлімі жолға шықты. Алғашқы «аялдама» — Павлодар қаласындағы «Jailau» фермерлік базары. Үгіт-насихат жұмыстарының аясында кандидат сауда орынындағы жұртшылықпен жүздесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Аталған сауда орынының ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан мұнда келуші тұрғындардың қатары көп. Әсіресе, демалыс күндері әлеуметтік бағадағы азық-түлік сатып алу үшін келетін павлодарлықтардың қарасы қалың болады.

Амантай Жарқынбек базарға келген жұртшылықпен, сатушылармен тілдесті. Тұрғындар саудаланып жатқан азық-түлік бағасы көңіл көншітетінін атап өтсе, ендібірі базарға келіп-кету қиын екенін алға тартты. Бірқатары сайлауда сәттілік тіледі.

«Үгіт-насихаттың алғашқы шараларының бірі ретінде фермерлік базарға бас сұқтық. Бұл қала үшін маңызды әлеуметтік нысандардың бірі. Баға саясатына оң әсер етіп отырған базарда тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдадық. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру – маңызды мәселелердің бірі», — деді Амантай Жарқынбек.

Сондай-ақ, тұрғындар мобильді қабылдау бөліміне келіп, өздерінің көкейлерінде жүрген мәселелерді айтып, ұсыныс-тілектерін жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Тұрғындарды Мәжіліс депутаттығына кандидат Амантай Жарқынбек жеке қабылдады.

Өтінішін арқалап келгендердің қатарында Юлия Маратовна есімді қала тұрғыны бар. Ол жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

«Өкінішке қарай, қазір пәтерді жалдау құны шарықтап кетті. Айлығымыз азық-түлік пен пәтерақыдан аспайды. Тұрғын үйге қаражат жинау мүмкін болмай отыр. Сондықтан, жастарға ыңғайлы тұрғын үй бағдарламасы болса деген өтінішім бар. Осы мәселені шешуге қолдау көрсетсеңіздер», — деді қала тұрғыны.

Ал Елена есімді павлодарлық тұрғын үйлердің аулалары қардан дұрыс тазаланбайтынына шағымданды. Әсіресе, «Манақбай» сауда үйінің жанындағы көп қабатты үйлердің ауласында жүріп-тұру қиын. Мобильді қабылдау бөліміне жекелей мәселелерімен жүгінген тұрғындар да болды.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Амантай Жарқынбек мобильді қабылдау бөліміне тұрғындар тарапынан келіп түскен мәселелер жинақталып, мұқият сараланатынын атап өтті. Сайлаушылар сенім артатын болса, жүйелі проблемаларды Парламент мінберінен көтеруге дайын екенін айтты.

Мобильная приемная отправилась в путь: собраны наказы и пожелания избирателей

Сегодня начала работу мобильная приемная кандидата в депутаты Мажилиса Парламента РК Амантая Жаркынбека. Первая остановка – фермерский рынок «Jailau» в г.Павлодаре. Кандидат выслушал предложения, пожелания и наказы земляков.

Рынок открылся недавно, но пользуется популярностью у жителей области и является одним из важнейших социальных объектов города. Амантай Жаркынбек поговорил с продавцами, узнав об условиях их работы. В беседах с покупателями обсудил цены, уровень комфортности рынка. Многие люди пожелали кандидату успехов на выборах.

«Рынок «Jailau» – один из важнейших социальных объектов города, поэтому мы посетили его одним из первых. В очередной раз я собрал наказы от избирателей, выслушал мнения по самым актуальным в нашей области вопросам», – сказал Амантай Жаркынбек.

Также кандидат провел прием в мобильной приемной. В числе обратившихся павлодарка Юлия Маратовна. Она подняла вопрос обеспечения молодежи жильем. По ее словам, стоимость аренды квартир возросла, заработная плата не соответствует этому уровню, поэтому актуальна разработка жилищной программы для молодого поколения. Другая обратившаяся по имени Елена пожаловалась на то, что дворы павлодарских многоэтажек не очищаются от снега должным образом. Также поступили пожелания по решению частных вопросов.

Кандидат в депутаты Мажилиса Амантай Жаркынбек отметил, что все вопросы, поступившие в мобильную приемную, будут обобщены и приняты в работу.

  • Изготовлено: ТОО «Аналитик ПВ»
  • Заказчик: Ж. Амантай.
  • Оплачено из средств Избирательного фонда кандидата в депутаты Мажилиса Парламента РК Ж. Амантай