Воскресенье, 20 июля
Меню

«Елдің тірегі» – Павлодарда ERG-дің үздік қызметкерлері Металлургтер күніне орай марапатталды

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 44
«Елдің тірегі» – Павлодарда ERG-дің үздік қызметкерлері Металлургтер күніне орай марапатталды
фото: ERG

Мереке қызыған металлдай қызу өтті

Салтанатты шара Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайында өтті. Мұнда ERG комапниялары құрамына кіретін «Қазақстан алюминий» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның қызметкерлері бас қосты. Мерекенің ашылуы өндіріс стиліне сай техно бағытындағы жігерлі би қойылымдарымен басталды. Олар зауыттар, цехтар және өндірістік нысандардың шынайы 3D-бейнелерімен үндесіп, көрерменге өндіріс орнында жүргендей әсер сыйлады, береді lifepvl.kz.

Кейін жүргізушілер металлмен жұмыс істейтін мамандарға арналған шараның ресми бөлігін ашты. Бастапқыда жұлдыздардың қызған пештерінде пайда болған металл Жер қойнауына түсті. Оның әр атомы ежелгі уақыттың ізі мен естелігін сақтап қалғандай. Сол себепті, оған құрметпен қарау –табиғаттың ұлы тарихын мойындау.

Жүргізушілер металлургтер металды бағындырмай, онымен диалога түсетінін атап өтті. Кейін оның қасиеттерін пайдалана отырып, ішкі күш пен қозғалысқа айналдырып қана қоймай, ұшуға үйретеді. Сонымен қатар, бұл стихияны ғарышқа айналдырады.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова құрметті мамандық иелерінің алдына шығып, аймақ басшысы Асайын Байхановтың атынан жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтады:

 «Металлургия бұл – жай ғана өндіріс емес, бұл – болаттай берік рухтың, қажырлы еңбек пен жауапкершіліктің символы. Бұл – сала ел өнекәсібінің өзегі, өңіріміздің өркендеуінің іргетасы. Сіздердің  қажырлы еңбектеріңіздің арқасында кәсіпорын  жыл сайынн биік белестерді бағындырып келеді. Жоғары сапалы алюминий өндіру, жаңа технологияларды енгізу, өндіріс қауіпсіздігін арттыру – осының бәрі сіздердің  күнделікті табанды жұмыстарыңыздың нәтижесі. Павлодар өңірінің металлургтері – тынымсыз еңбек етіп, туған елінің  дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген адал, ардақты азаматтар. Сіздердің арқаңызда облысымызда жыл сайын 1,5 миллион тоннадан астам глинозем және 260 мың тонна алюминий өндіріледі», — деп атап өтті Айгүл Мәлікова.   

Аймақ басшысы орынбасарының қолынан бір топ маман марапаттар мен ерешелік белгілерін алды. Бұл марапаттар – терең құрметтің көрінісі. Сахнаға көтерілген жандар – ерлер мен әйелдер, ардагерлер мен жастар – бәрі бірге зауыттың мықты да бірлігі мығым ұжымын құрайды.  

Марапаттар мен құттықтаулар легін «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның бас директоры, Алюминий дивизонының бас операциялық директоры Владимир Красняский қабылдады. Ол да жылы лебізін білдірді.

 «Бүгінгі мерекелік залда біздің үздіктер мен металлургтерді құрметтеу мен үшін өте қуанышты, бірақ оңай емес. Неліктен оңай емес? Себебі, металлургтің еңбегі – ауыр әрі күрделі мамандық. Сен кеніште, зауытта немесе компьютер алдында технологиялық есептеулер жасасаң, қаржылық операцияларды жүзеге асырсаң немесе жүктерді анықтасаң да, бұл – еңбек ауыр, бірақ абыройлы. Бүгінде біздің компания, біздің дивизион, біздің активтеріміз өздері үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін еңбектенеді. Біз әлеуметтік жауапкершілікті аламыз, білім мен медицинаны қолдаймыз. Экология саласында да жауаптымыз. Бүкіл қызметіміз халқымыздың көркеюіне бағытталған. Қазақстанның гүлденуі үшін еңбек етеміз», — деді Владимир Краснянский. Оның сөзі жиналғандардың зор қошеметімен үйлесім тапты.

«Бүгін біз қанатты металл шығарамыз. Ал болашақта – сирек кездесетін металдар көзделіп отыр. Бұл – дивизионымыздың, компаниямыздың әр қызметкері үшін де, Қазақстандағы әр азамат үшін де кең мүмкіндіктер алаңы», — деп жоспарларымен бөлісті бірінші басшы.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның өндіріс жөніндегі директоры Мұрат Жұмабаев әріптестерін жылы құттықтап, металлургтер бірінші кезекте жұмысшы мамандықтардың тірегі мен негізі екенін атап өтті. Олар өз кезегінде көптеген бұйымдарды жасау үшін шикізат береді. Бұл заттарсыз қазіргі заманда өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан, қызыған металлмен жұмыс істейтін үздік мамандарды құттықтау және марапаттау ерекше сәт.

«QAZAQMETAL KASIPODAGY» Қазақстан салалық тау-кен металлургия кәсіподағы төрағасының орынбасары Раушан Даумова жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтай келе, биылғы жылдың  Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялағанын бұл салтанатты сәтке ерекше символикалық мән беретінін атап өтті.

«Бұл Еңбек адамының беделін арттырып, оған лайықты құрмет көрсетуі тиіс. Ардагерлердің, тәлімгерлердің және өз білімін жастарға беріп жатқан жандардың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Баршаңызға зор денсаулық пен өркендеу тілеймін! Еңбекақы да өссін деп тілейміз!» – деген жүрекжарды тілектер залда жылы қабылданды.

Мереке қазақстандық танымал әншінің музыкалық тартуымен аяқталды. Қазыбек Құрайыш лирикалық композициялар орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Салтанат аяқталған соң біз кәсіби мереке аясында марапат алған еңбеккерлермен сұхбаттастық.

«ҚЭЗ» АҚ-ның өндіріс технологиясын автоматтандыру жүйелерінің маманы Станислав Сидоркин – кәсіпорнының жас мамандар ұрпағының өкілі, ол ERG компаниясы атынан Алғыс хатқа ие болды. Ол бұл кәсіпорында жеті жылдан бері жұмыс істеп жүр.

 «Мен еңбек жолымды қарапайым бақылау-өлшеу аспаптары бойынша слесарь болып бастадым. Бірақ, бұл мамандыққа үйреніп кеттім де, жоғары білім алуға шешім қабылдадым. Сондықтан, мансаптық өсу көп күттірген жоқ. Бұған қоса, кәсіпорын мені даму, оқыту, бағдарламалау бойынша қосымша курстарға жіберді – бұл біздің заманауи жабдықтарымызды тереңірек түсіну үшін қажет болды. Ол өте күрделі, сондықтан оны дұрыс түсініп, сауатты қызмет ету үшін міндетті түрде қосымша оқудан өту керек. Жұмыс ауыр, бірақ өте қызықты. Маған ұнайтыны – ауыр ауысымнан кейін үйде мені күтіп отырған жұбайымның қарсы алуы. Ол мені түсінеді, әрдайым қолдау көрсетеді. Балалар жүгіріп шығып қарсы алады. Бұл да – жан тыныштығы, бұл да  – қуаныш. Сол сәтте осының бәрі не үшін екенін түсінесің, талпынып, жаңа мақсаттарға ұмтыласың, дамисың. Мен қазірдің өзінде ауысым шебері міндетін уақытша орындаймын, басшылықтың маған сенім артуы – қуанышты жағдай. Сондықтан, мен болашағымды дәл Қазақстан электролиз зауытымен байланыстырамын

Павлодар алюминий зауытының стандартты емес жабдықтар мен қызметтер цехының механикалық жинау жұмыстары  жөніндегі слесарі Игорь Кузнецов III дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

«Басшылықтың менің жұмысқа қосқан үлесімді бағалауы мені қуантты. Кәсіпорында 25 жылдан бері еңбек етіп келемін, қазіргі таңда стандартты емес жабдықтар цехында жұмыс істеймін. Біз алюминий мен электролиз зауыттарына түрлі құрылғылар дайындаймыз. Кейде станоктар жасаймыз, кейде осы жабдықтарды жөндейміз. Яғни, метал және металдан жасалған бұйымдармен жұмыс істеймін. Металлург күні – кәсіби мейрамым. Сол себепті барлық әріптестерімді шын жүректен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін!»