
Аким Павлодарской области Асаин Байханов поздравил ветеранов Великой Отечественной войны с 80-летием Победы и по поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева вручил им юбилейные медали «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл», зачитав поздравления от имени Президента. Об этом сообщила пресс-служба главы региона.

Асаин Байханов выразил ветеранам благодарность и пожелал крепкого здоровья. Фронтовики, в свою очередь, делились с главой региона воспоминаниями о военных годах и послевоенной жизни.

«Война застала вас совсем юными. Только те, кто прошел через это, по-настоящему понимают цену Победы. Вы доказали, что значит защищать свою Родину. Наш долг — сохранить тот мир, за который вы сражались», — подчеркнул Асаин Байханов.

В Павлодаре глава региона посетил и поздравил ветеранов Сергея Выжутовича, Марию Курбатову, Василия Григораш и Николая Ступку, а также ветеранов, проживающих в области: Марию Матюшину — в селе Сычевка Павлодарского района, Василия Московченко — в поселке Калкаман, Анну Носову — в селе Иртышск и Қайыра Хасенова — в селе Баянаул.

Напомним, сегодня в Павлодарской области проживают восемь ветеранов Великой Отечественной войны. В преддверии Дня Победы каждому из них была оказана единовременная материальная помощь в размере 5 млн тенге. Также все ветераны обеспечены медицинским обслуживанием, получают социальную помощь.
***
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Павлодарда өңір басшысы соғыс ардагерлері Сергей Выжутовичті, Мария Курбатованы, Василий Григорашты және Николай Ступканы, сондай-ақ, Павлодар ауданының Сычевка ауылында тұратын Мария Матюшинаны, Ақсу қаласының Қалқаман ауылындағы Василий Московченконы, Ертіс ауданы Ертіс ауылының тұрғыны Анна Носованы және Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында Қайыр Хасенов ақсақалды мерекемен құттықтап шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімі ардагерлерге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстап, Президент жолдаған құттықтауды оқыды.

Барлық кездесулерде ардагерлер соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі өмірлері туралы естеліктерімен бөлісті. Облыс әкімі ардагерлерге алғысын білдіріп, мықты денсаулық тіледі.
— Сіздер соғысқа жастай аттандыңыздар. Сұрапыл соғысты басынан өткергендер ғана Жеңістің бағасын шынайы түсінеді. Отан қорғау жолында аянбай күрестіңіздер. Ендігі біздің міндетіміз — сіздер қорғап қалған бейбітшілікті сақтау, — деп атап өтті Асайын Байханов.
Бүгінгі таңда Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының 8 ардагері тұрады. Жеңіс Күні қарсаңында олардың әрқайсысына 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, олар медициналық көмекпен қамтамасыз етілген және әлеуметтік көмек алады.