Четверг, 8 мая
Меню

Металлды өнерге айналдырған ұста

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 34
Металлды өнерге айналдырған ұста
фото: ERG Service

Александр Панов – 34 жылдық тәжірибесі бар ұста, ол күнделікті жұмысында ыстық металмен жұмыс істеуді нағыз өнерге айналған. Ол ширек ғасыр уақыт бойы ERG Service Павлодар машина жасау зауытында еңбек етеді. Маман өндірістік бөлшектер мен ерекше тапсырыс бұйымдарын жасаумен айналысады. Оның туындылары – жансыз бөлшек қана емес, шеберлік, шыдамдылық және өз кәсібіне деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Тәжірибелі ұста мамандығына деген дәл осы қасиеттерді келер ұрпаққа мүра етуде.

Ұстаның қолына түскен металл нағыз өнер туындысына айналады. Осы жылдар ішінде ол өз ісінің шебері ғана емес, өндірісте қолданылатын бөлшектерді жасайтын, сонымен қатар, тапсырыс бойынша бірегей бұйымдарды дайындайтын өнер иесі атанды.

Александр үшін әр жұмыс күні – ыстық металлмен жұмыс істеу. Металл зауытқа шеңбер түрінде келіп түседі, кейін олар дайындамаларға бөлініп, қажетті температураға дейін қыздырылады. Ең қызықты кезең дәл осы сәтте басталады – ұста балға мен сызбалар арқылы бұл дайындамаларды өндірісте қолданылатын шкивтерге, тісті доңғалақтарға және біліктерге айналдырады.

– Маған ыстық металмен жұмыс істеу әрдайым ұнайды. Бұл зауыттарға арналған бөлшек жасау ғана емес, металды қажетті әрі ерекше нәрсеге айналдыру өнері, – дейді Александр.

Александр үшін ұста кәсібі өндірістік тапсырмалармен шектелмейді. Ол көп жылдар бойы көркем соғумен айналысып, қоршаулар, торлар, вазалар, тіпті гүлдер жасап келеді. Ұста үшін әр тапсырыс  шығармашылық қабілетін көрсетуге және өз жұмысына жанын салуға мүмкіндік береді.

– Жақында біз зейнетке шығатын әйелге тапсырыспен раушан жасадық. Бұл жай ғана бұйым емес, ол осы затты ұзақ жылдар бойы ескерткіш ретінде сақтайды. Мұндай тапсырыстар шабыт береді, өйткені олардың адамдар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінесің, – дейді ол.

Оның шығармашылық қызметі мұнымен шектелмейді. Александр бос уақытында, пеш пен төссіз жұмысын жалғастырып, адамдар үшін бұйымдар жасайды. Ол көбінесе қоршаулар мен торлар жасауға тапсырыс алады.  Ол қолынан туыған заттар ұзақ әрі сенімді қызмет ететініне сенімді.

– Жас кезде жеке бастың қауіпсіздігіне соншалықты мән бермейтінмін. Бірақ, жылждар өте келе ережелердің маңыздылығына көз жеткізіп келемін. Мұқият әрі сақ болудың маңыздылығын түсінесің. Бұл тек өз денсаулығың үшін ғана емес, жақындарыңның өмірі үшін де маңызды, – дедейді ол.

Александр үшін ұста кәсібі  — жай ғана мамандық емес, нағыз өмірлік миссия. Жасына қарамастан, ол зейнетке шығуды жоспарламайды. Ұста өз білімі мен тәжірибесін кейінгі буынға жеткізумен қатар, жаңа бұйымдар жасап, жастарға шабыт беруді жалғастыруда.

– Қызым да зауытта жұмыс істейді. Ол балға мен пресспен жұмыс істеу мамандығын меңгерді. Қызымның осы мамандықты таңдағанын мақтен етемін. Және бала күтімі демалысынан соң жұмысын жалғастыратынына үміттенемін, – дейді Александр.

Бүгінде ұста кәсібі сирек кездесетін мамандыққа айналып келеді. Бірақ, Александр Панов сияқты адамдар игі дәстүрлерді сақтап, маңызды кәсіптің дамуы мен келер ұрпаққа мұра етуді жалғастыруға шабыт беріп жүр.