Четверг, 8 мая
Меню

День защитника Отечества отметили в Павлодаре

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 69
День защитника Отечества отметили в Павлодаре
Фото: Валерий Бугаев

Праздничное мероприятие «Ел қорғаны — Қарулы Күштер» в честь Дня защитника Отечества прошло сегодня на Центральной набережной Павлодара. Центром праздничной программы стала сцена Ertis promenade. В торжествах принял участие аким Павлодарской области Асаин Байханов. Об этом сообщила пресс-служба главы региона.

Одним из ключевых моментов праздника стал совместный просмотр военного парада, проходившего в Астане. Тысячи павлодарцев и гостей города наблюдали за трансляцией в прямом эфире на большом LED-экране.

Парад, приуроченный к 80-летию Победы в Великой Отечественной войне, стал символом памяти, гордости и воинской доблести. В военном параде в Астане приняли участие более четырех тысяч военнослужащих, ветеранов, бойцов элитных подразделений, рота почетного караула, а также представители военных правоохранительных структур. Было задействовано свыше 200 единиц военной техники, а также 66 воздушных судов — самолеты и вертолеты фронтовой, армейской и военно-транспортной авиации.

«Ветераны боевых действий, присутствовавшие на онлайн-просмотре парада в Павлодаре, отметили его как историческое событие, подчеркивающее силу, сплоченность и преемственность поколений. Они с гордостью оценили высокий уровень подготовки и слаженности парадных расчетов», — рассказали в пресс-службе.

Праздничная программа продолжилась концертом с участием творческих коллективов областной филармонии, Дворца культуры имени Естая и Дворца школьников.

***

Бүгін орталық жағалаудағы Ertis Promenade сахнасында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел қорғаны — Қарулы Күштер» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.

Астана қаласында өткен ауқымды әскери шеруді бірлесіп тамашалау маңызды сәттердің бірі болды. Орталық алаңға жиналған мыңдаған павлодарлықтар мен қала қонақтары үлкен LED-экраннан тікелей эфир көрсетілімін көрді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған әскери шеру еске алу, мақтаныш пен ерліктің символына айналды. Астанадағы әскери шеруге 4 мыңнан астам әскери қызметші, ардагерлер, элиталық бөлімшелердің жауынгерлері, құрметті қарауыл ротасы, сондай-ақ, әскери құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысты. 200-ден астам заманауи әскери техника, сондай-ақ, әскери-көлік авиациясының 66 әуе кемелері, ұшақтары мен тікұшақтары жұмылдырылды.

Павлодарда әскери шерудің онлайн-көрсетілімін тамашалаған жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер оны ұрпақтардың күші, бірлігі мен сабақтастығын көрсететін тарихи оқиға ретінде атап өтті. Салтанатты шерудің дайындығы мен үйлесімділігіне зор мақтанышпен жоғары баға берді.

Мерекелік бағдарлама облыстық филармония, Естай атындағы мәдениет сарайының және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары қатысқан концертпен жалғасты.