Воскресенье, 20 апреля
Меню

Өмірлік жолды таңдауда дұрыс жауап бер!

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 79
Өмірлік жолды таңдауда дұрыс жауап бер!
фото: ERG

Қазақстан Президенті елімізде жұмысшы мамандықтар жылын жариялағаны белгілі. Олар заманауи қоғамның негізін құрайды, қоғам өміріне қажетті материалдық игіліктерді жасайды. Жұмысшы мамандықтарсыз ғылыми-техникалық даму мүмкін емес, жаңа технологияларды енгізу, өндірістерді модернизациялау жоғары білікті кадрлардың қатысуын талап етеді.

Дәл осындай мамандар ERG компаниялар тобына кіретін Қазақстан электролиз зауытына қажет. Бұл жоғары технологиялық кәсіпорын жақында таза алюминийдің – «қанатты» металлдың төрт миллион тоннасын өндірді. Бұл шикізаттар ұшақтар мен автомобильдерден бастап, смартфондар мен Илон Масктың ғарыштық зымырандарына дейінгі түрлі өнімдер жасалады.

Қазақстан электролиз зауыты – отандық металлургиялық өндірістегі ең озық және жоғары технологиялы алпауыт кәсіпорындардың бірі. Өндіріс ошағында көптеген процестер мен жабдықтар  автоматтандырылған. Кәсіпорын жылына 265 мың тонна бастапқы алюминий шығарады. Зауыт 2007 жылдың желтоқсанында ашылған жас, инновацияларға ашық өндіріс орны. Осындай көрсеткіштерге қол жеткізуге екі мыңнан астам қызметкер атсалысады. Олардың 600-ден астамы – 30 жасқа толмаған мамандар. Орташа жас – 37.

Әлеуметтік қолдау мәселесі де талқыланды: Зауыт есебінен оқуға мүмкіндік, қызметкерлерді кәсіпорынға тасымалдау, тамақтануға жеңілдіктер, салалық кәсіпорындарда сирек кездесетін тұрғын үй бағдарламасы және т.б бағыттар қарастырылған. Спорттық жарыстар, қоғамдық және мәдени іс-шаралар – кәсіпорын қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін тұрақты түрде өткізіледі. Ал Жастар кеңесінде жас мамандардың кәсіпорынның дамуына қосатын үлесін арттыру және олардың мансаптық өсуін қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылданады.

«ҚЭЗ» АҚ – ұзақ жылдар бойы көптеген білім беру мекемелерімен әлеуметтік серіктестік орнатып, оқу үрдісін техникалық әдебиеттер және жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді. Студенттер кәсіпорында ақылы өндірістік тәжірибеден өтеді, сонымен қатар, оқуды тұрақты жұмыспен үйлестіруге мүмкіндік алады.

Осы және басқа да қызықты деректер туралы ҚЭЗ өкілдері Павлодар химия-механикалық колледжі, Түсті металлургия жоғары колледжі, Павлодар политехникалық жоғары колледжі және Торайғыров университеті студенттерімен өткен кездесуде айтып берді.

Кездесу соңында студенттер арасында квиз ұйымдастырылды. Ойын барысында болашақ ҚЭЗ қызметкерлері ақпаратты қаншалықты жақсы меңгергенін көрсетті. Жеңімпаздар, әрине, лайықты марапаттарға ие болды.

Бірақ, оқиғалардан озып кетпейік. Студенттер жаңа ақпаратты жақсырақ түсінуі үшін ұйымдастырушылар жуырда ғана өз жолын таңдап, шешім қабылдаған мамандарды шақырды. Абулкаиров Ратмир мен Даниэль Кваст оқу тәжірибесінен кейін Қазақстан электролиз зауытында тұрақты жұмысқа орналасты.

Ратмир – өндірісті бақылау автоматикасын реттеуші. Ол зертханалық жабдықтың жұмысқа қабілеттілігіне, сондай-ақ электронды жабдықты жөндеуге жауапиы. Жас маман зауытта 2023 жылдың маусымынан бері жұмыс істейді, сонымен қатар оқуын бірге алып жүр.

– Мен де сіздер сияқты студент болдым. Тәжірибе алуға келгенде,  ештеңе білмедім. Ал қазір менің қабілеттерім өндіріс жұмысына ықпал етеді. Екі жыл ішінде түсінгенім – жұмыс берушілерге тек білім ғана емес, сіздің жұмысқа деген көзқарасыңыз маңызды. Сондықтан, сіздерге айтар кеңесім: егер жұмысқа келсеңіздер, қызығушылықтарыңызды жоғалтпаңыздар, белсенді болыңыздар және өздеріңізді жағымды жағынан көрсетіңіздер. Сонда бәрі ойдағыдай болады!

Даниэль де тәжірибеге келіп, зауытта тұрақты жұмысқа қабылданды.

– Маған бәрі ұнайды. Мен мұнда кәсіби дамудың, көшбасшылық дағдыларды жетілдірудің зор мүмкіндіктері бар екенініне көз жеткіздім. Сол себепті болашағымды осы кәсіпорынмен байланыстырамын, өйткені мұнда шын мәнінде керемет дүниелер жасалады! Мен осы маңызды жұмыстың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын.

Жас мамандардың пікірін кәсіпорын басшылығының өкілі де қолдады. Қазақстан электролиз зауыты көлік цехының бастығы Дәурен Тайкебаев өз жолын қарапайым жүк тиеушіден бастағанын айтты. Ол алғашында зауытта ұзақ уақыт жұмыс істеуді жоспарламаған, бірақ тағдырдың басқа жоспары болған.

Бар болғаны екі жыл ішінде ол көмекші жұмыстар цехының шебері атанды. Сонымен қатар, өзінің еңбекқорлығының арқасында кәсіпорын жанындағы Жастар кеңесінің негізін қалаушылардың бірі болды.

– Осы сәттен бастап, еңбек жолымыз басталды деуге болады. Өйткені жастар үшін барлық есік ашық. Кез келген басшының кабинетіне кіріп, өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыздар. Ал басшылық әрдайым тыңдауға дайын. 2019 жылы мен көмекші жұмыстар цехының жетекшісі атандым – бұл цех кәсіпорынға келіп түсетін барлық материалдарды қабылдауға жауап береді. Бұл – жүктің түсірілуі, тиелуі және өндірістік бөлімшелерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету деген сөз. Жақында мен осы зауытта жұмыс істеп жүргеніме 10 жыл болды. Осы уақыт арақығында қазіргі қызметіме қол жеткізіп,  осы  жолымды жалғастырудамын. Мен – зауыттың сұрғылт күндер емес, өзін тұлға ретінде ашуға болатын ерекше орын екендігінің дәлелімін. Мұнда білім аламын, дамимын деген жанға есіктер ашық. Ең бастысы – алға ұмтылу, мүмкіндіктерді пайдалану, өзіңізді көрсету. Сізді міндетті түрде байқайды және қолдау көрсетеді!

Оксана Ротанованың лауазымы ерекше естіледі. Ол – Қазақстан электролиз зауытында таланттарды дамыту жөніндегі сарапшы. Қазақстанда осындай штаттық бірліктері бар кәсіпорындар сирек кездеседі.

Оксана Павлодардың профильдік жоғары оқу орындары мен колледждерінің жоғарғы курс студенттерімен осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.

– Павлодарда ірі өнеркәсіптік алыптар жұмыс істейді, сондықтан жұмысшы мамандықтар әрдайым сұранысқа ие. ҚЭЗ-да жұмыс істеудің артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат беру үшін біз осындай бейресми кездесулер ұйымдастырамыз.

Жастардың зауытты тек сұрғылт күндер емес, кәсіби және тұлғалық дамуға мүмкіндік беретін орын ретінде қабылдауы маңызды. Мұнда олар өз ісінің шебері болып қана қоймай, жаңа дағдыларды меңгеріп, басқарушылық қабілеттерін жетілдіре алады.

Біз бес жыл бойы студенттермен осындай кездесулер өткізіп келеміз. Шаралардың  нәтижесі айқын көрінеді – кәсіпорынға көптеп жас мамандар келіп жатыр. Олар өз мамандығы бойынша осы жерде толыққанды қалыптасып, дамуға мүмкіндік бар екенін түсінеді.

Кәсіпорынның негізгі артықшылықтарының бірі – тұрақтылық. Қазіргі өзгермелі әлемде бұл аса маңызды. Мұнда жұмысқа орналасқан жастар әлеуметтік пакет, қорғалған еңбек жағдайлары, ақылы демалыстар және басқа да қолдаулармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, кәсіпорында басқа мекемелерде кездесе бермейтін жеңілдіктер қарастырылған.

Жұмысшыларға лайықты жалақы, жылдық сыйақылар, уақтылы төлемдер ұсынылады. Сондай-ақ, ерекше тұрғын үй бағдарламасы бар. Оның мүмкіндіктерін қызметкерлер пайдалана алады – мұндай мүмкіндікті Қазақстанда санаулы ғана кәсіпорын ұсынады.

Өндірістік тәжірибеге келген студенттер өздерінің тәртіптілігіне қарай еңбекақы алады. Олар тек кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, нақты еңбек тәжірибесін жинап, сол үшін ақы алады.

Бүгінгі кәсіптік бағдар беру іс-шарасы жоспарланған көптеген кездесулердің бірі ғана. Қыркүйекте жаңа оқу жылы басталған кезде біз өз жолын жаңа таңдаған студенттерді ашық есік күніне шақырамыз. Осылайша, жастар кәсіпорынның қалай жұмыс істейтінін түсініп, оның мүмкіндіктері мен болашағына көз жеткізе алады.