Павлодарскому филиалу общественного объединения «Казахское общество слепых» подарили новый комфортабельный автобус. Ранее местные власти обещали обеспечить работников предприятия транспортом для передвижения по городу. Об этом сообщила пресс-служба главы региона.
Аким Павлодарской области Асаин Байханов поблагодарил работников общества за передачу городу земельного участка для строительства школы на 1200 мест.
«То, что вы с пониманием отнеслись к вопросу выкупа территории вашего предприятия, поможет в решении вопроса дефицита ученических мест, который, к сожалению, на сегодня существует. Это очень важно для будущего детей, которым приходилось учиться в три смены, а некоторые уроки и вовсе проходят в коридорах. Мы это ценим, и со своей стороны готовы всегда оказать вам необходимую поддержку. Также хочу отметить, что данный автобус куплен на спонсорский вклад компании «Рубиком», руководство которой я благодарю за проявленную социальную ответственность», — рассказал глава региона.
Председатель ОО «Казахского общество слепых» Алмат Наурызбаев отметил поддержку акиматами области и города инвалидов по зрению.
«Мы ощущаем всемерную поддержку. Заверяем, что внесем свой посильный вклад в экономику региона. Сейчас мы готовимся к расширению нашего производства, уже получили новое оборудование, сейчас идет подключение. Входим в рабочий ритм. Сегодня нам вручили ключи от автобуса. Большое спасибо», — отметил Алмат Наурызбаев.
Павлодарскому филиалу ОО «Казахское общество слепых» более 60 лет. Когда-то здесь изготавливали детали для тракторного завода, автопроводку, сейчас шьют постельное белье, одежду, матрасы, рукавицы, чехлы для фильтров. В планах производство мебели.
***
Берілген уәде орындалды
Бүгін «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодардағы филиалына жаңа жайлы автобус табысталды.
Бұған дейін жергілікті билік кәсіпорын қызметкерлерінің қала ішінде қатынауы үшін көлікпен қамтамасыз етуге уәде берген болатын.
Облыс әкімі Асайын Байханов қоғам қызметкерлеріне 1200 орындық мектеп салу үшін жер учаскесін қалаға бергені үшін алғысын білдірді.
— Сіздердің кәсіпорын аумағын сатып алу мәселесіне түсіністікпен қарағандарыңыз бүгінгі таңдағы оқушы орындарының тапшылығын шешуге көмектеседі. Бұл үш ауысымда оқуға мәжбүр болған балалардың болашағы үшін өте маңызды, ал, тіпті, кейбір сабақтар дәліздерде өтеді. Біз мұны бағалаймыз және өз тарапымыздан сіздерге әрқашан қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз.
Сондай-ақ, бұл автобустың «Рубиком» компаниясының демеушілік қолдауымен сатып алынғанын атап өткен жөн және компанияның басшылығына әлеуметтік жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды білдіремін, — деді облыс әкімі.
«Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ төрағасы Алмат Наурызбаев көру қабілеті нашар адамдарға қолдау көрсеткендері үшін облыс және қала әкімдіктеріне алғысын білдірді.
— Біз жан-жақты қолдауды сезінеміз. Біз де аймақ экономикасына өз үлесімізді қосамыз деп айта аламын. Қазір өндірісімізді кеңейтуге дайындалып жатырмыз, жаңа жабдықтар алдық, қазіргі уақытта қосылуда. Содан соң жұмысымызға кіреміз. Бүгін бізге автобус кілті табысталды. Үлкен рахмет, — деп атап өтті Алмат Наурызбаев.
Павлодардағы қазақ зағиптар қоғамының құрылғанына 60 жылдан асты. Бір кездері мұнда трактор зауытына арналған бөлшектер, көлік сымдары жасалды, ал, қазір мұнда төсек-орын, киім, матрацтар, қолғаптар, сүзгілерге арналған тысқаптар тігіледі, алдағы уақытта жиһаз жасау жоспарда бар.