Пятница, 27 декабря
Меню

Асаин Байханов вручил павлодарцам государственные награды

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 364
Асаин Байханов вручил павлодарцам государственные награды
Фото: Валерий Бугаев

Накануне Дня Республики аким Павлодарской области Асаин Байханов от имени Главы государства вручил 41 павлодарцу высокие государственные награды. Об этом сообщила пресс-служба главы региона.

За заслуги в государственной и общественной деятельности, значительный вклад в социально-экономическое и культурное развитие страны, укрепление дружбы и сотрудничества между народами ряд жителей области были награждены орденами «Құрмет», «Еңбек Даңқы» III степени, медалями «Шапағат» «Бiрлiк», «Жомарт жан».

Медали «Ерен еңбегі үшін» удостоились 25 жителей области. В их числе: ветеран труда из Аксу Қуат Азамбаев, председатель чечено-ингушского этнокультурного объединения «Халкъан барт» Михаил Аушев, профессор Торайгыров университета Канат Ахметов и другие. Золотой медалью «Единство» Ассамблеи народа Казахстана был награжден член правления областного греческого национально-культурного центра «Эльпида» Владимир Ифандопуло.

«В День Республики мы с гордостью и уважением вспоминаем многовековую историю нашей страны, ее достижения в политической и экономических сферах, успехи на международной арене. Сегодня Казахстан – это символ стабильности, мира и процветания. Главным нашим богатством были и будут трудолюбивые, отзывчивые, добропорядочные люди, которые вносят свой вклад в построение справедливого общества «Әділетті Қазақстан – Адал азамат». В готовности каждого из нас словом и делом способствовать развитию страны проявляется ответственное гражданство», — сказал глава региона.

Также Асаин Байханов вручил семи павлодарцам удостоверения и нагрудные знаки «Почетный гражданин Павлодарской области». По предложению главы региона, решением Павлодарского областного маслихата звание присвоили: ветерану сферы образования Жеңіс Мейірман, общественному деятелю Алтынбеку Нұхулы, ветерану органов национальной безопасности Райымбеку Ахметову, ветерану сферы образования Бахыт Бексеитовой, ветерану здравоохранения Мурату Сулейменову, ветерану сферы культуры Виктору Поликарпову, общественному деятелю Марғұлан Дәнел Әлкейқызы.

В завершение торжественной церемонии состоялся праздничный концерт.

***

Ұлттық мереке қарсаңында облыстың бірқатар тұрғындары еліміздің дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Мемлекет басшысының атынан Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ордендер мен медальдар табыстады.

Салтанатты рәсімді ашқан өңір басшысы барлығын Қазақстанның басты мерекесімен құттықтады.

— Бұл күні біз еліміздің тарихын, оның саяси және экономикалық салалардағы жетістіктерін, халықаралық аренадағы жетістіктерін мақтанышпен және құрметпен еске аламыз. Бүгінде Қазақстан — тұрақтылықтың, бейбітшілік пен өркендеудің символы. Біздің басты байлығымыз «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» әділетті қоғамды құруға үлес қосып жатқан еңбекқор, жанашыр, парасатты адамдар және солай болып қала береді, — деді облыс әкімі.

Республика күнін мерекелеу қарсаңында 41 жерлесіміз жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтқаны үшін бірқатар облыс тұрғындары «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы»  ордендерімен және «Бірлік», «Шапағат», «Жомарт жан» медальдарымен марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен облыстың 25 тұрғыны марапатталды. Олардың қатарында Ақсу қаласының еңбек ардагері Қуат Азамбаев, «Халкъан барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Михаил Аушев, Торайғыров университетінің профессоры  Қанат Ахметов бар. «Қазақстан халқы Ассамблеясының» «Бірлік» алтын медалімен «Эльпида» облыстық грек ұлттық-мәдени орталығының басқарма мүшесі Владимир Ифандопуло марапатталды.

Сондай-ақ, бүгін өңір басшысы Асайын Байханов облыстың Құрметті азаматтарына куәліктер мен төсбелгілер табыстады. Өңірдің жеті тұрғынына «Павлодар облысының Құрметті азаматы» жоғары атағы берілді. Облыс әкімінің ұсынысы негізінде, Павлодар облыстық мәслихатының шешімімен облыстың Құрметті азаматы атағы: білім саласының ардагері Жеңіс Мейірманға, қоғам қайраткері Алтынбек Нұхұлына, ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері Райымбек Ахметовке, білім саласының ардагері Бақыт Бексеитоваға, денсаулық сақтау саласының ардагері Мұрат Сүлейменовке, мәдениет саласының ардагері Виктор Поликарповқа, қоғам қайраткері Марғұлан Дәнел Әлкейқызына берілді.

Марапатқа ие болғандар еңбектерінің жоғары бағаланғаны үшін алғыстарын білдірді.

Мерекелік іс-шара концертпен аяқталды.