В Экибастузе планируют реконструировать тепловую магистраль ТМ-7. Об этом стало известно в ходе рабочего визита в город акима Павлодарской области Асаина Байханова.
ТМ-7 ввели в эксплуатацию в 1999 году и сегодня ее изношенность составляет 90%. За последние три года на тепломагистрали выявили свыше 50 повреждений. Между тем она обеспечивает теплом более 120 многоквартирных жилых домов и свыше тысячи частных жилых домов, а также 17 социальных объектов и 150 юрлиц.
Глава региона отметил, что, как и большинство сетей города, эта магистраль также требует обновления. Для ее последующей реконструкции уже разработана проектная документация, прошедшая государственную экспертизу. Сейчас формируется бюджетная заявка для выделения необходимых средств.
В ходе поездки Асаин Байханов проинспектировал и реконструкцию тепломагистралей ТМ-1 и ТМ-3, где работы полностью завершены. Обновлены 3,9 км сетей, успешно проведены гидравлические испытания. В настоящее время сети находятся в работе. Сейчас ведется восстановление асфальтового покрытия, завершаются работы по перекрытию камер.
Также глава региона побывал на железнодорожном вокзале, реконструкция которого ведется по аналогии с железнодорожным вокзалом в Павлодаре. На здании в Экибастузе уже выполнили кровельные работы, полностью заменили канализацию и систему отопления, на 80% обновили сети электроснабжения. Сегодня здесь устанавливается видеонаблюдение, ведутся фасадные работы и благоустройство территории.
Кроме того, Асаин Байханов проверил результаты благоустройства города. Минувшим летом в Экибастузе заасфальтировали 62 двора, построили 20 мини-футбольных полей, обустроили 50 детских площадок. В работе еще 16 игровых зон для детей, средства на которые выделили из образовавшейся экономии. До конца ноября планируется завершить обустройство 10 хоккейных кортов, которые в летнее время будут служить роллердромами.
По поручению главы региона в этом году во дворах Экибастуза начали обустраивать освещение. За два года планируется осветить все 279 дворовых территорий города. В этом году освещение проведут в 116 дворах. На данный момент полностью охвачены 55 дворовых территорий, еще в 15 работы завершаются.
Проверил Асаин Байханов и проведенную реконструкцию бассейна образовательно-досугового комплекса «Кайнар». В здании полностью поменяли окна и двери, обновили системы электроснабжения, отопления, водоснабжения и канализации, установили вентиляцию, заменили кровлю. В бассейне предусмотрели специальный подъемник для маломобильных горожан. Уже стартовал набор на бесплатные занятия в секциях по плаванью, в которых смогут заниматься более 200 детей.
***
Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұзға барып қайтты.
Өңір басшысы облыс орталығындағы теміржол вокзалы сияқты реконструкция жүргізіліп жатқан теміржол вокзалында болды. Мұнда шатырын жөндеу жұмыстары аяқталды, кәріз және жылыту жүйелері толығымен ауыстырылды, электрмен жабдықтау желілері 80% жаңартылды. Бейнебақылау камералары орнатылуда, қасбетін және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Одан кейін облыс әкімі 1999 жылы пайдалануға беріліп, бүгінгі күнде 90% тозығы жеткен ЖМ-7 жылу магистралі орналасқан учаскеге барды. 120 астам көппәтерлі тұрғын үй мен 1000 астам жеке сектордағы тұрғын үйді, сондай-ақ, 17 әлеуметтік нысан мен 150 заңды тұлғаны жылумен қамтамасыз етіп отырған осы жылу магистралінде соңғы 3 жылда 50-ден астам ақау анықталды.
Аймақ басшысы қаланың көптеген желілері сияқты, бұл магистраль да жаңартуды қажет ететінін атап өтті. Оны реконструкциялауға жобалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті, бүгінгі таңда қажетті қаражат бөлу үшін тиісті бюджеттік өтінім дайындалуда.
Жұмыс сапары барысында Асайын Байханов ЖМ-1 және ЖМ-3 жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстарын тексерді. Жұмыстар толығымен аяқталған. 3,9 км желі жаңартылып, гидравликалық сынақтар сәтті жүргізілді. Қазіргі уақытта желілер жұмыс істеп тұр.
Жұмыстар кезінде бұзылған жердерді абаттандыру мен асфальттау қалпына келтірілуде, сондай-ақ, камераларды жабу жұмыстары аяқталуда.
Сонымен қатар, облыс әкімі кеншілер қаласын абаттандыру нәтижелерін тексерді. Осы жазда 62 аулаға асфальт жабыны төселіп, 20 шағын футбол алаңы, 50 балалар ойын алаңы орнатылды. Үнемделген қаражат есебінен қосымша 16 балалар ойын алаңдары орнатылуда. Қараша айының соңына дейін жаз мезгілінде роллердром болатын 10 хоккей кортын абаттандыруды аяқтау жоспарлануда.
Өңір басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы Екібастұзда аулаларды жарықтандыру жұмыстары басталды. Екі жылдың ішінде бұл жұмыстарды қаланың барлық 279 ауласында орындау жоспарлануда.
Биылғы жылы 116 аула жарықтандырылады. Қазіргі уақытта 55 аула толық қамтылды, тағы 15 аулада жұмыстар аяқталуда. Барлық жоспарланған көлемді жыл соңына дейін орындау жоспарлануда.
Жұмыс сапарының соңында Асайын Байханов «Қайнар» білім беру-демалыс кешені» КМҚК реконструкцияланған бассейнін тексерді. Қазіргі уақытта барлық жұмыстар аяқталды. Ғимараттың терезелері мен есіктері толығымен ауыстырылды, электрмен жабдықтау, жылыту, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері жаңартылды, желдету жүйесі орнатылды, шатыры ауыстырылды. Сондай-ақ, бассейн мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделіп, арнайы көтергіш орнатылды.
Қазір 200-ден астам баланы тегін жүзу секцияларына қабылдау жүргізілуде.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңір басшысы биыл іске асырылып жатқан Екібастұзды абаттандыру бойынша барлық жобаларды сапалы орындап, мерзімінде аяқтауды тапсырды.