Асаин Байханов встретился с победителями и призерами V Всемирных игр кочевников. Глава региона отметил, что внимательно следил и болел за каждого из павлодарских спортсменов. Об этом сообщила пресс-служба акима Павлодарской области.
«За каждой победой спортсмена стоит огромный труд и выносливость. Отдельно хочу поблагодарить тренеров за кропотливую работу», — сказал Асаин Байханов.
Глава региона вручил Благодарственные письма, денежные сертификаты спортсменам и тренерам за успешное выступление на играх.
Серебряный призер V Всемирных игр кочевников Серик Актаев и исполнительный директор ОО «Интеллектуальная федерация Тогызкумалак Павлодарской области» Арыстан Капаев поблагодарили Асаина Байханова за поддержку.
В общекомандном зачете Всемирных игр кочевников Казахстан занял первое место. Вклад в общую копилку медалей страны внесли и девять павлодарских спортсменов, выступавших в пяти видах спорта: асық ату, бәйге, кураш, овари, аба.
Золотые медали принесла командная борьба в асық ату участников Жомарта Нурланова из Экибастуза, Керіма Жаздықбай из Тереңкөла. Первое место на байге — гладкие скачки на 2500 м в упорной борьбе завоевал жокей из Павлодара Асланбек Байкенов (хозяин лошади Бахтияр Байзаков).
Напомним, в празднике кочевой культуры в Астане приняли участие 2500 спортсменов из 89 стран. Казахстан представили более 170 спортсменов в 21 виде спорта.
***
Павлодарда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады
Бүгін облыс әкімі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті. Астана қаласында өткен көшпелі мәдениеттің айтулы мерекесіне 89 елден 2500 спортшы қатысты. Біздің еліміздің намысын 21 спорт түрінен 172-ден астам спортшы қорғады.
Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының жалпыкомандалық есебінде Қазақстан бірінші орынға тұрақтады. Еліміздің медальдар жиынтығының жалпы қоржынына 5 спорт түрінен облысымыздың 9 спортшысы жүлде салды: асық ату, бәйге, кураш, овари, аба.
Командалық асық атудан алтын медальды Екібастұз қаласынан Жомарт Нұрланов пен Тереңкөл ауданынан Керім Жаздықбай қоржынға салды. Ал, 2500 м бәйгеден 1 орынды павлодарлық шабандоз Асланбек Байкенов жеңіп алды (жылқы иесі Бақтияр Байзақов).
Облыс әкімі олардың әрқайсысын тамашалап, жанкүйер болғанын атап өтті.
— Спортшының әрбір жеңісінің артында үлкен еңбек пен төзімділік жатыр. Жаттықтырушыларға қажырлы еңбектері үшін алғысымды айтамын, — деп атап өтті Асайын Байханов.
Өңір басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларға сәтті өнер көрсеткендері үшін алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыстады.
Өз кезегінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері Серік Ақтаев пен «Павлодар облысының тоғызқұмалақ зияткерлік федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Арыстан Қапаев облыс әкіміне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.