В Павлодаре 288 очередникам вручили ключи от арендного жилья. Новоселами дома 17 на улице Ладожская в микрорайоне Достық стали дети-сироты, многодетные семьи и граждане из категории социально-уязвимых семей. Об этом сообщила пресс-служба акима Павлодарской области.
«В марте этого года трем категориям очередников мы выдали 210 квартир. А сегодня я рад вручить ключи от долгожданных квартир 288 очередникам Павлодара. Знаю, что некоторым из вас пришлось ждать этого дня более 19 лет. Приношу свои искренние извинения за столь долгое ожидание от имени руководства области и выражаю вам огромную благодарность за проявленное понимание, терпение и выдержку. В этом году мы сдадим еще порядка 250 квартир, но уже социально-кредитного жилья по программам «Шаңырақ» и «Бақытты отбасы», — сказал глава региона Асаин Байханов, поздравляя новоселов.
Он отметил, что застройка микрорайона Достық продолжится. Здесь уже строится комфортная школа. В планах возведение детского сада, поликлиники, ледовой арены, концертного зала, мечети. Будет налажено движение городского общественного транспорта, в том числе продлены линии трамвайных маршрутов.
Одним из обладателей социального жилья стал Жанат Дауан, кандас, уроженец Монголии, который вместе с супругой Мағрипой Канкөней воспитывает восьмерых детей.
«В 2006 году переехал в Казахстан, жил в селе Мойылды. В очереди на жилье стою порядка 17 лет и никогда не терял надежду. Я очень благодарен государству, это наша долгожданная радость», — сказал глава многодетной семьи.
Всего в очереди на социальное жилье числится более 16 тыс. павлодарцев.
***
Бүгін Павлодарда үй кезегінде тұрған 288 адамға жалға берілетін пәтер кілттері табысталды
Ладожская көшесі, 17 мекенжайы бойынша бой көтерген тұрғын үйге жетім балалар, көп балалы отбасылар және әлеуметтік осал отбасылар санатындағы азаматтар қоныстанды. Бүгінде әлеуметтік тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам павлодарлық тұр.
Облыс әкімі Асайын Байханов баспаналы болған қоныс иелерін құттықтады.
— Осы жылдың наурыз айында кезекте тұрғандардың үш санатына 210 пәтер бердік. Ал, бүгін көптен күткен пәтер кілттерін Павлодардың үй кезегінде тұрған 288 жанға табыстағаныма өте қуаныштымын. Сіздердің кейбіріңізге бұл күнді 19 жылдан астам уақыт күтуге тура келгенін білемін. Облыс басшылығы атынан ұзақ күттіргеніміз үшін кешірім сұраймын және түсіністік танытып, шыдамдылық таныта білгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Биыл тағы 250 пәтер тапсыратын боламыз, бірақ, олар «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында әлеуметтік-несиелік тұрғын үй бағыты бойынша беріледі, — деді өңір басшысы.
Өңір басшысы «Достық» шағын ауданының құрылысы жалғасатынын атап өтті. Жайлы мектеп салынуда, балабақша, емхана, мұз аренасы, концерт залы, мешіт салу жоспарланған. Қалалық қоғамдық көлік қозғалысы, оның ішінде трамвай бағыттарының желілері ұзартылатын болады.
Әлеуметтік баспана иелерінің бірі Моңғолияның тумасы, қандас Жанат Дауан. Ол жұбайы Мағрипа Канкөнеймен бірге 8 бала тәрбиелеп отыр.
— 2006 жылы Қазақстанға көшіп келіп, Мойылды ауылында тұрдық. Тұрғын үй кезегінде шамамен 17 жыл тұрдым және ешқашан үмітімді үзген емеспін. Мен мемлекетке өте ризамын, бұл біздің көптен күткен қуанышымыз, — деп бөлісті көпбалалы отбасының отағасы.