Вторник, 10 декабря
Меню

В Павлодарской области в 2025 году увеличат площади авиаобработки против гнуса

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 27
В Павлодарской области в 2025 году увеличат площади авиаобработки против гнуса
Архив. Фото: Валерий Бугаев

В акимате Павлодарской области подвели итоги работ по борьбе с гнусом в 2024 году и обсудили планы на 2025 год. Об этом сообщили в пресс-службе главы региона.

Дезинсекционные работы в регионе велись тремя способами: авиационным, речным и барьерным. C 4 апреля в области стартовали фенологические наблюдения за стадиями развития гнуса. Первые пешие обработки были начаты с 23 апреля.

С 27 апреля специалисты приступили к проведению авиобработок. Восемью бортами выполнены 327 вылетов, обработано 127 тыс. га. Недоступные для авиации 3,3 тыс. га дополнительно обрабатывались пешим методом при помощи ранцевых опрыскивателей.

Эффективность авиаобработок составила 91% в пойме Павлодара и Аксу, и 83% в северных районах области, что было связано с водохозяйственной обстановкой в регионе.

Из запланированных 6,2 км3 общий объем попуска достиг 6,7 км3. Было затоплено свыше 80% пойменной территории. Обильные осадки и боковая приточность рек в верховьях Иртыша также отрицательно сказались на завершении природоохранных попусков. Например, расходы воды из Шульбинского водохранилища даже после завершения природоохранных попусков постоянно держались на уровне от 1800 до 1250 м3/с.

Все это внесло существенные коррективы в процесс развития мошек. Впервые в области наблюдалась картина развития и выплода личинок мошек из самой поймы, а традиционный основной выплод произошел не на юге области, а в низовьях на отдельных протоках. Наибольшее количество жалоб на мошку поступало из сел Иртышского и Железинского районов.

«Все мы видели, что в этом году ситуация с гнусом была гораздо сложнее, чем в предыдущем. Несмотря на это, отмечаю, что работы проведены эффективно. Благодаря своевременно проведенным мероприятиям и выполнению дополнительных 30 вылетов с поперечным охватом на площади 11,5 тыс. га в Иртышском пойменном массиве мы не допустили повторения сезона 2016 года, когда для борьбы с гнусом в областном центре даже планировали ввести режим ЧС», — рассказал аким Павлодарской области Асаин Байханов.

Средняя эффективность речных обработок по итогам сезона составила 86,1%. В период с 29 мая по 27 июня были проведены три тура речной обработки против личинки мошки. Произведен слив 305 тыс. литров биопрепарата, благодаря чему количество личинок мошек удалось снизить со 1700 до 80 штук на 1 дм2.

Ежедневные барьерные обработки правого и левого берега Иртыша от железнодорожного моста до микрорайона Усольский начались с 13 мая. Днем позже они стартовали в сельских районах. Всего до 20 июля были охвачены 59 прибрежных населенных пунктов, где проживает более 50 тыс. человек.

На сегодня все запланированные мероприятия по дезинсекции завершены в полном объеме в Павлодаре, Аксу и сельских районах области. Продолжаются обработки в Экибастузе.

«Считаю недопустимым, что в Экибастузе до сих пор не могут побороть гнус. Регулярно мне поступают жалобы от жителей 15, 19, 20 и 22 микрорайонов, а также поселков Солнечный и Щидерты. Это говорит об неэффективности работ городского подрядчика. Руководству города совместно с моим курирующим заместителем и областным управлением необходимо пересмотреть подходы работы в Экибастузе, рассчитав их необходимый объем и разработав эффективный алгоритм», — поручил Асаин Байханов.

Подводя итоги работ по борьбе с гнусом за 2024 год, и оценивая прогнозируемые риски повторения аналогичного водохозяйственного режима в следующем году, специалисты внесли предложение в 2025 году увеличить площадь авиаобработок до 172,0 тыс. га. Добавить в план работ планируется 15 тыс. га ранее не обрабатываемых участков северной части сельской зоны Аксу и дополнительные 30 тыс. га Иртышского пойменного массива.

***

Облыс әкімдігінде 2024 жылғы шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарының қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды

Аймақта дезинсекциялық жұмыстар үш тәсілмен жүргізілді: әуе, өзен және тосқауыл. 4 сәуірден бастап аймақта дернәсілдердің даму кезеңдерін фенологиялық бақылау басталды. Алғашқы жаяу өңдеу жұмыстары 23 сәуірден басталды.

27 сәуірден бастап мамандар әуеден өңдеу жұмыстарына кірісті. 8 әуе борты 327 мәрте әуеге көтеріліп, 127 мың га алқап өңделді. Әуеден өңдеуге мүмкін болмаған 3,3 мың га алқап аспалы бүріккіштермен жаяу өңделді.

Әуеден өңдеу жұмыстарының тиімділігі Павлодар және Ақсу қалаларының жайылмаларында 91% және облыстың солтүстік аудандарында 83% құрады, бұл өңірдегі су шаруашылығы жағдайына байланысты болды.

Жоспарланған 6,2 км3 көлемнен жалпы жіберілген судың көлемі 6,7 км3 құрап, жайылма алқабының 80%-дан астамын су басты. Сондай-ақ, Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында жауын-шашынның көп түсуі мен өзендердің бүйірлік ағыны табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін ағындардың аяқталуына да кері әсерін тигізді. Мәселен, Шүлбі су қоймасынан шығатын су шығыны, тіпті,  табиғатты қорғау мақсатында жіберілген су тоқтағаннан кейін де, үнемі 1800-ден 1250 м3/с-қа дейінгі деңгейде болды.

Мұның барлығы шіркейлердің дамуына айтарлықтай түзетулер енгізді. Облыста алғаш рет жайылманың өзінде шіркей дернәсілдерінің дамуы мен көбеюі байқалды, ал, әдеттегі негізгі дамуы облыстың оңтүстігінде емес, төменгі ағысында, жекелеген арналарда болды. Шіркейге қатысты шағымдардың басым көпшілігі Ертіс және Железин аудандарының ауылдарынан келіп түсті.

— Биылғы жылы шыбын-шіркейдің жағдайы өткен жылға қарағанда әлдеқайда күрделі болғанын бәріміз көрдік. Осыған қарамастан, жұмыстар тиімді жүргізілгенін атап өткен жөн. Уақытылы жүргізілген іс-шаралардың және Ертістің 11,5 мың га жайылма алқабын қосымша көлденеңнен 30 мәрте әуеден өңдеудің арқасында біз 2016 жылғы маусымның қайталануына жол бермедік, тіпті, ол кезде облыс орталығында ТЖ режимін енгізуді жоспарлаған еді, — деді облыс әкімі Асайын Байханов.

Маусым қорытындысы бойынша өзенді өңдеудің орташа тиімділігі 86,1% құрады. 29 мамыр мен 27 маусым аралығында шіркей дернәсілдеріне қарсы өзен 3 мәрте өңделді. 305 мың литр биопрепарат төгіліп, соның арқасында шыбын-шіркей дернәсілдерінің саны 1 дм2-ге 1700-ден 80 данаға дейін азайды.

Ертістің оң және сол жағалауларын темір жол көпірінен Усолка шағын ауданына дейін күнделікті тосқауылмен өңдеу 13 мамырдан басталды. Бір күннен кейін ауылдық жерлерде басталды. Барлығы 20 шілдеге дейін 50 мыңнан астам адам тұратын жағалау бойындағы 59 елді мекен қамтылды.

Бүгінгі күні дезинсекция бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар Павлодар, Ақсу және облыстың ауылдық аудандарында толық көлемде аяқталды. Екібастұзда өңдеу жұмыстары жалғасуда.

— Екібастұзда әлі күнге дейін шыбын-шіркейді жоя алмауда. Маған үнемі 15, 19, 20 және 22 шағын аудандарының, сондай-ақ, Солнечный мен Шідерті кенттерінің тұрғындарынан шағымдар келіп түседі. Бұл қалалық мердігер жұмысының тиімсіздігін көрсетеді.

Қала басшылығына осы бағытқа жетекшілік ететін менің орынбасарыммен және облыстық басқармамен бірлесіп, Екібастұздағы жұмыс тәсілдерін қайта қарауды, олардың қажетті көлемін есептеп, тиімді алгоритм әзірлеуді тапсырамын, — деді Асайын Байханов.

2024 жылғы шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарын қорытындылай келе және алдағы жылы да су шаруашылығы режимінің қайталануының болжамды тәуекелдерін бағалай отырып, мамандар 2025 жылы әуеден өңдеу алқабын — 172,0 мың гектарға дейін ұлғайту туралы ұсыныс енгізді. Жұмыс жоспарына Ақсудың ауылдық аймағының солтүстік бөлігінің бұрын өңделмеген 15 мың гектар учаскесін және Ертіс жайылма алқабының қосымша 30 мың гектарын қосу жоспарлануда.