Вторник, 10 декабря
Меню

Новые спорткомплексы и досуговый центр заработают в сельской зоне Аксу

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 55
Новые спорткомплексы и досуговый центр заработают в сельской зоне Аксу
Фото: Валерий Бугаев

Аким Павлодарской области Асаин Байханов побывал с рабочим визитом в городе Аксу. Глава региона проверил ход ремонтов и благоустройства ряда объектов, ознакомился с работами по подготовке города к отопительному сезону. Об этом сообщила пресс-служба акима Павлодарской области.

В селе Уштерек Асаин Байханов проинспектировал ход капитального ремонта подъездной дороги, проводимого по программе «Ауыл ел бесігі». Здесь обновили 7 км дорожного полотна. Работы полностью завершены.

Также до конца года в селе появится новый физкультурно-оздоровительный центр. На месте ведется устройство фундамента, начаты работы по подводу инженерных сетей.

В двух селах Аксу обновляют 21,3 км сетей уличного освещения и проводят средний ремонт 18,4 км дорог. Подъездные дороги общей протяженностью 13,5 км отремонтированы к селам Уштерек, Донентаева, Коктерек, Енбек и Борыктал. В следующем году планируется заасфальтировать еще почти 9 км дорог к семи селам, тем самым, доведя уровень удовлетворительного состояния сельских подъездных дорог до 100%.

В этом году в сельской зоне Аксу должны построить пять ФОКов и культурно-досуговый центр. Однако имеются риски, что часть объектов не будет завершена в срок.

Асаин Байханов отметил, что реализация программы «Ауыл ел бесігі» позволила улучшить условия жизни тысячи сельчан и имеет важное значение для жителей региона. Качественная реализация проектов программы в срок, это одна из первоочередных задач местных исполнительных органов.

«Не исполнить поставленные задачи, сорвать сроки, а самое главное — подвести жителей, ожидающих реализации таких социально-значимых проектов, это грозит увольнением для руководителей любого уровня», — предупредил глава региона, поставив задачу пересмотреть отношение к работе и обеспечить завершение строительства комплексов к первой половине 2025 года.

Аким Павлодарской области ознакомился с выполнением капитального ремонта стадиона «Достык» в городе Аксу. Здесь проведен демонтаж ограждения, трибун, ведется отделка внутренних помещений, обустроены раздевалки, душевые, переоборудовано освещение, подготовлено основание для установки нового покрытия футбольного поля, беговых дорожек, LED-экрана. Завершат работы до конца октября.

Помимо обновленного стадиона в скором времени в Аксу появится и своя ледовая арена. Строительство нового спортивного объекта началось несколько лет назад, затем проект был на некоторое время приостановлен.

В 2024 году при поддержке из областного бюджета его реализация была возобновлена. Сейчас здесь выполнено устройство монолитного фундамента, установлено железобетонное основание под металлические конструкции и выполнен монтаж каркаса здания. В работе устройство основания под малую ледовую арену, кирпичных перегородок внутренних помещений, инженерных сетей, вентиляции и кондиционирования ледового поля, а также приобретение и монтаж технологического оборудования для холодоснабжения ледовой площадки. Завершить строительство планируется до конца года.

Кроме этого, в ходе рабочей поездки глава региона ознакомился с проводимым ремонтом магистральных и внутриквартальных сетей теплоснабжения.

Общая протяженность тепловых сетей Аксу составляет 99 км, их износ составляет 64%. Это наиболее низкая степень износа теплосетей в регионе.

В 2024 году выполняется обновление 1,8 км магистральных и 2,5 км внутриквартальных сетей, что позволит улучшить гидравлический режим в домах более 10 тыс. горожан.

На сегодня подрядчиком выполнен демонтаж изношенных труб, ведется устройство неподвижных опор и монтаж новых трубопроводов. Работы планируется завершить до конца августа, после чего специалисты проведут промывку, опресовку и испытание новых сетей.

В этом году в моногороде завершат и трехгодичный проект по реконструкции 15,5 км дорог микрорайонов № 14 и 15 с устройством тротуаров и велодорожек.

Ранее жители района новостроек испытывали значительные трудности в период дождей и таяния снега, передвигаться по бездорожью было сложно не только пешком, но и на автомобилях. Сейчас здесь выполнено почти 80% работ, заасфальтировать все улицы планируется до конца сентября.

Помимо благоустройства глава региона проверил ход ремонтов учреждений образования. В этом году в Аксу провели капитальный ремонт ясли-сада № 16. В детском саду на 250 детей установили новые окна, заменили все внутренние и наружные двери, отремонтировали кухню, бассейн и фасад здания.

Также Асаин Байханов побывал в школе имени Алтынсарина, где обучаются более 1200 детей. Здание учебного заведения требует капитального ремонта: необходимо обновить окна, двери, инженерные коммуникации, внутреннюю отделку кабинетов и других помещений. Аким области поручил подготовить все необходимые расчеты и внести предложение по ремонту данной школы в рамках меморандума с компанией ERG.

«По итогам рабочего выезда аким области поручил держать на контроле все реализуемые проекты по ремонту и благоустройству, сделав упор на выполнение работ качественно и в срок», — отметили в пресс-службе главы региона.

***

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барып қайтты

Сапар барысында өңір басшысы бірқатар нысандарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді, қаланы жылу беру маусымына дайындау жұмыстарымен танысты.

Үштерек ауылында облыс әкімі «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан кірме жолдың күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда 7 км жол төсемі жаңартылды. Жұмыстар толығымен аяқталды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін ауылда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді. Қазір мұнда іргетасы қаланып, инженерлік желілерді тарту жұмыстары басталды.

Ақсудың 2 ауылында 21,3 км көше жарығының желілері жаңартылып, 18,4 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы ұзындығы 13,5 км болатын Үштерек, Дөнентаев, Көктерек, Еңбек және Бөріктал ауылдарының кірме жолдары жөнделді. Келесі жылы тағы 7 ауылдың 9 км жуық жолын асфальттау жоспарлануда, осылайша, ауылдардың кірме жолдарын 100%-ға дейін қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, биыл ауылдық аймақтарда 5 денешынықтыру-сауықтыру кешені және 1 мәдени-сауық орталығы салыну керек, алайда, аталмыш жобалардың бір бөлігін мерзімінде аяқтамау тәуекелі бар.

Асайын Байханов «Ауыл ел бесігі» бағдарламасын іске асыру мыңдаған ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік бергенін және өңір тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтті. Бағдарлама жобаларын уақытылы әрі сапалы түрде іске асыру жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.

— Қойылған міндеттерді орындамау, мерзімдерді сақтамау, ең бастысы осындай әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асырылуын күтіп отырған тұрғындардың үмітін ақтамау – бұл кез келген деңгейдегі басшының жұмыстан босатылуына әкеледі, — деді облыс әкімі және жұмысқа деген көзқарасты өзгертуді, кешендердің құрылысын 2025 жылдың бірінші жартысына дейін аяқтау міндетін қойды.

Одан кейін өңір басшысы Ақсу қаласындағы «Достық» стадионының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда қоршаулары мен трибуналары бөлшектеліп, ішкі бөлмелерін әрлеу жұмыстары жүргізілуде, киім ауыстыратын бөлмелері, душ, жарықтандыру қайта жабдықталды, футбол алаңының жаңа жабынын, жүгіру жолдарын, ЛЕД-экранды және т.б. орнату үшін негіз дайындалды.

Жаңартылған стадионнан басқа жақын арада Ақсуда өзінің мұз аренасы да пайда болады. Жаңа спорт алаңының құрылысы бірнеше жыл бұрын басталып, одан кейін жоба біраз уақытқа тоқтап қалған болатын. 2024 жылы облыстық бюджеттің қолдауымен оны іске асыру қайта жанданды. Қазір мұнда монолитті іргетас, металл құрылымдарға темірбетон негізі және ғимараттың қаңқасы орнатылды. Бүгінде шағын мұз аренасының негізін жасау, ішкі бөлмелерін кірпішпен бөлу, инженерлік желілерді, мұз алаңын желдету және кондиционерлеу, сондай-ақ, мұз алаңын суықпен қамтамасыз ету үшін технологиялық жабдықтарды сатып алу және монтаждау жұмыстары қалды. Құрылысты жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында облыс әкімі магистральдық және аула ішіндегі жылумен жабдықтау желілеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Ақсудағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 99 км, тозуы — 64 % құрайды. Бұл аймақтағы жылу желілерінің тозуының ең төменгі деңгейі.

2024 жылы 1,8 км магистральдық және 2,5 км аула ішіндегі желілер жаңартылуда, бұл 10 мыңнан астам қала тұрғындарының үйлеріндегі гидравликалық режимді жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда мердігер тозығы жеткен құбырларды бөлшектеп, қозғалмайтын тіректерін орнату және жаңа құбырларды тарту жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, одан кейін мамандар жаңа желілерді жуып, сынақтан өткізеді.

Биылғы жылы моноқалада № 14 және № 15 шағын аудандарының 15,5 км жолдарын реконструкциялау бойынша үш жылдық жоба аяқталады. Жаяу жүргіншілер жолдары мен веложолдар жасалуда. Бұған дейін жаңадан салынған ауданның тұрғындары үшін жаңбыр мен қардың еруі кезінде айтарлықтай қиындықтар туындайтын, жаяу түгілі автокөлікпен жолсыз жүру қиын болатын. Қазір мұнда жұмыстардың 80%-ға жуығы орындалды, барлық көшелерді қыркүйек айының соңына дейін асфальттау жоспарлануда.

Өңір басшысы абаттандырумен қатар білім беру мекемелерін жөндеу барысын тексерді. Биыл Ақсудағы №16 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді. 250 балаға арналған балабақшаға жаңа терезелер орнатылып, барлық ішкі және сыртқы есіктер ауыстырылды, ас үй, бассейн және ғимараттың қасбеті жөнделді.

Сондай-ақ, Асайын Байханов 1200-ден астам бала білім алатын Ы. Алтынсарин атындағы мектепке барды. Оқу орнының ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді: терезелерін, есіктерін, инженерлік коммуникацияларын, кабинеттерді және басқа да үй-жайларды жаңарту қажет.

Облыс әкімі барлық қажетті есептерді әзірлеп, ERG компаниясымен меморандум аясында жөндеу бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі жұмыстарды сапалы және мерзімінде орындауға баса назар аудара отырып, барлық іске асырылып жатқан жөндеу және абаттандыру жобаларын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.