Пятница, 27 декабря
Меню

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан электролиз зауытының металлургтері баспаналы болды

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 395
Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан электролиз зауытының металлургтері баспаналы болды
Фото предоставлено КЭЗ

Наурыз мейрамы қарсаңында ERG-дің алюминий дивизионындағы Қазақстан электролиз зауытының қызметкерлері пәтер кілттеріне ие болды. ERG-дің тұрғын үй бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың арқасындазауыт басшылығы мамандарға осындай керемет тосын сый жасаған.

Наурыз қарсаңында қызметкер өз үйінің кілтін алды. Олардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ өндірістегі негізгі және өнеркәсіптегі тапшы мамандық иелері де бар.

Қазақстан электролиз зауытының металлургтері «Отбасы банк» АҚ-ның ERG мамандары үшін арнайы әзірленген бірегей бағдарлама бойынша – бастапқы жарнасыз әрі жалдау-жинақтау тетігімен пәтер алды. Алғашқы 8 жыл ішінде қызметкерлер ең төменгі жалдау ақысымен осы пәтерлерде тұрады. Осы кезеңде олар Отбасы банкіндегі депозиттерінде пәтер құнының 50% — жинақтауы тиіс. Бұл шарт орындалған кезде, пәтер құнының қалған 50%-н отбасы банк оларға жылдық 3,5% тен 5% мөлшерлемемен тұрғын үй займы ретінде бермек. Содан кейін баспана компаниядан сатып алынады. Бұл пәтерлердің құны бүгінгі нарықтағы баспана бағасынан әдәуір арзан.

«Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ бас директоры Андрей Батраченко құтты қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстады.

– Наурыз – жыл басы. Осы көктемгі мейрам қарсаңында біздің қызметкердің өз шаңырағына кіріп, үйлі болып жатқаны қуантады, — деді «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ бас директоры Андрей Батраченко. — Қызметкерлеріміздің өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – компанияның әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Біз олардың өмірін ұдайы жақсартуға тырысамыз. Кезекті көптен күтіп, бүгін кілт алғандардың барлығына жаңа пәтерлерінде бақ пен береке орнасын деп тілеймін.

— Жұмыс берушінің мұндай қолдауы бапаналы болуға талпынғандарға айтарлықтай сеп. Біз кәсіпорындармен бірлесіп азаматтардың тұрғын үй мәселесін жедел шешуге ықпал етеміз.  Ал, бұл жұмыс беруші тарапынан әлеуметтік пакетті күшейтудің тағы бір жолы, — деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Талғат Баилов.

Он қабатты ғимарат қаланың ең жақсы аудандарының бірінде орналасқан. Жақын маңда жолайырық бар. Инфрақұрылымы жақсы. Жайлы өмір сүруге қажет нәрсенің бәрі таяқ тастам жерде. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар тіптен тиіп тұр.

Зауыт ұстасы – Елмұрат Пармановтың төрт баласы бар. Ол көпбалалы отбасы ретінде баспаналы болып жатыр. Зауыттың іргетасы қаланған сәттен бері осында. Алдымен оның құрылысына қатысса, бүгінде сүйікті кәсіпорнынан баспана алды. 

«Мен сияқты отбасылар үшін тамаша мүмкіндік», – деді Елмұрат Парманов. – Осы бағдарламаға қатысу бақытына ие болғанымызға өте қуаныштымын. Бұған дейін біз қала маңындағы ауылда жалдамалы тұрғын үйді мекендеуге мәжбүр болдық. Енді өз үйім – өлең төсегім бар. Үйіміз қаланың ішінде. Менің балаларым Наурыз қарсаңындағы атаулы сыйлыққа ерекше қуанышты. Енді үш бөлмелі пәтерде олардың әрқайсысының кең де жайлы өз бұрышы болады. Ал, тұрғын үй бағдарламасының жақсы шарттары отбасы бюджетіне салмақ болмайды.

Алғашқылардың бірі болып пәтер кілтін қойма және қосалқы жұмыстар цехынының қоймашысы Мөлдір Әбжанова мен Бауыржан Дерменов та алды. Бауыржан – зауытта   электр-газбен дәнекерлеуші.

— Зауыт мен үшін және менің отбасым үшін тек жұмыс орны ғана емес. Зауытта менің жеке тұлға ретінде де, кәсіби маман ретінде қалыптасуыма септескен үлкен ұстахана. Мұнда мен жолдасыммен таныстым, ал бүгін пәтердің кілтін алдым. Біз бүгін ерекше бақыттымыз, – деді қуаныштан жанары бал-бұл жайнаған Мөлдір Әбжанова.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі жылда отбасы банкі арқылы Топ қызметкерлеріне 485 пәтер сатылған. Олардың 79-ы Қазақстандық электролиз зауытының металлургтеріне бұйырған.

Осындай бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, ERG қызметкерлері арасында тұрғын үй тапшылығын азайтады. Өндірістегі мамандар осылай баспаналы болады. Ал, Отбасы банк өз кезегінде азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың мақсаттарын орындайды.