Пятница, 13 декабря
Меню

Ақсудағы келелі кездесу

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 138
Ақсудағы келелі кездесу
Фото Виктора Рябова

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Амантай Жарқынбек және астаналық әріптестері Ерлан Саиров пен Мұрат Теміржанов үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақсу қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.

Үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері Ақсу ферроқорытпа зауытының филиалы «КазХром» ТНК АҚ, сонымен қатар «ЕЭК» АҚ мен «ERG-service» ЖШС жұмысшы ұжымдарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.

«Қазір елімізде жан-жақты саяси, экономикалық реформа жүріп жатыр. Бұл сайлау жігерлі жастарды мінберге шығаруға мүмкіндік береді. Сол арқылы елде оң өзгеріс болады», – деді Ерлан Саиров.

Бұдан кейін партия өкілдері мәдениет мекемесінде ақсулық азаматтармен жолығып, өтініш, тілектерін тыңдады. Өз кезегінде қала тұрғындары жаңа қазандықтың іске қосылуы жайында сөз қозғады.

«Энергетика саласындағы мәселелерді шешу негізгі бағыттарымыздың бірі, – дейді Амантай Жарқынбек, — Сіздердің әрбіс ұсыныстарыңыз біздер үшін аса маңызды. Біздің сайлауалды бағдарламамыз да осы өтініштердің негізінде құралған болатын. Олардың орындалуы үшін бар күшімізді саламыз».

Айта кетерлігі, Ақсу қаласының тұрғындары кандидаттармен кездесу барысында көшелерді жөндеу, қаңғыбас иттерге бөлек орталық салу, жеке меншік секторға орталықтандырылған жылу құбырын тарту сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді тілге тиек етті.

Наказы от жителей города Аксу

В ходе встреч с избирателями кандидат в депутаты Мажилиса Парламента РК Амантай Жаркынбек вместе с коллегами Ерланом Саировым и Муратом Темиржановым посетили город Аксу.

Кандидаты и доверенные лица пообщались с работниками Аксуского завода ферросплавов филиала АО ТНК «КазХром», АО «ЕЭК» и ТОО «ERG-service».

«Сейчас в стране идут масштабные политические и экономические реформы. Предстоящие выборы дадут молодежи возможность показать себя, стать катализатором тех перемен, которые мы все ждали», — сказал Ерлан Саиров.


Жители города озвучили свои предложения и наказы. Особенное внимание уделено проблеме запуска новой котельной.

«Решение вопросов в сфере энергетики – одно из основных направлений моей программы, — сказал Амантай Жаркынбек. — Приложу все силы, чтобы реализовать наказы избирателей».

Также на встречах жители города Аксу поднимали такие социально значимые вопросы, как ремонт улиц, строительство отдельного центра для бездомных собак, подведение централизованного теплопровода к частному сектору и другие.

  • Изготовлено: ТОО «Аналитик ПВ»
  • Заказчик: Ж. Амантай.
  • Оплачено из средств Избирательного фонда кандидата в депутаты Мажилиса Парламента РК Ж. Амантай