ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Амантай Жарқынбек үгіт-насихат жұмысы аясында елдімекендерді аралауды Ақтоғай ауданына қарасты Қожамжар ауылынан бастады. Бұл — оның ер жетіп, есейіп, қанат қаққан ауылы.
Баршамыз үшін туған ауылымыздың әр тасы, шөбі қымбат, керек десеңіз, құмы да алтын. Амантай Жарқынбек үшін де өсіп, өнген мекені Қожамжардың парқы қашанда биік. Ауылына аяқ басқан ол балалық, жастық шағының қызықтары өткен көшелермен жүріп өтіп, мектепке аялдады. Бұдан бөлек, сабақ берген ұстазы, сынып жетекшісі болған Клара Татмурзинованың үйіне барып, өткен күндерді еске алды. Ардагер ұстаз шәкіртінің мектеп кезінде алғыр оқушы болғанын алға тартып, саяси бәйгеде жеңіске жететініне сенім білдірді. Аналық ақ тілегін айтты. Өз кезегінде Амантай Жарқынбек анасындай болған мұғаліміне шәкірттік алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттығына кандидат ауыл ақсақалы Жақсыбек Алин бастаған ел ағаларымен де кездесті. Олар ауыл жағдайын ұмытпау керектігін атап өтті.
«Жарқынбек көз алдымызда өсті. Оқушы кезінен талапты, өнерлі еді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет қыла білетін азамат. Сондықтан одан зор үміт күтетін едік. Шүкір, үмітімізді ақтап келеді. Енді, алдыңда үлкен сын тұр. Бұл – жауапкершілік. Ең бастысы, ауылға көңіл бөлу керек. Биік мінберден ауылдың жайын айтуың тиіс. Білім саласына мән берілуі тиіс. Осының барлығын халықтың аманаты деп қабылда», — деді ақсақал.
Ауылға сапар көп балалы Займолда әулетінде жалғасты. Шаңырақ иесі Өкімбек Займолда тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясатына назар аударуды сұрады.
«Оқып, білім алған ауылыма барып, жігерленіп қайттым. Ауылдықтардың айтқан тілек, кеңестерін қаперіме алдым. Бала күнімнің куәсі болып, үлкен додаға үмітпен қосқан Қожамжар халқына ерекше рахметімді жеткізгім келеді. Сенімдерін ақтауға бар күшімді саламын», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Амантай Жарқынбек.
Большая дорога начинается у порога своего дома
Кандидат в депутаты Мажилиса Парламента РК Амантай Жаркынбек свои встречи с жителями области, в рамках агитационной кампании, начал с села Кожамжар Актогайского района, где вырос и учился.
Прошелся по улицам своего детства. Навестил первую учительницу, классного руководителя Татмурзинову Клару Тусеевну и поблагодарил ее за все, что она сделала для его становления.
«Я никогда не забуду ее напутствие, которое она сказала в день выпускного вечера: «Будьте всегда честным перед собой и людьми». Эти слова навсегда стали моим жизненным принципом», — сказал Жаркынбек Амантай.
Пользуясь случаем, зашел в гости к старейшинам села. Среди них, уважаемый среди актогайцев аксакал Жаксыбек Алин, который дал ему бата — напутствие.
«Жаркынбек вырос у нас на глазах. Он был трудолюбивым с детства. Поэтому мы возлагали на него большие надежды. К счастью, наши надежды оправдываются. Никогда не забывайте о селе и сельчанах. С высокой трибуны вы должны говорить о селе и его проблемах. Одним из основных направлений вашей программы должно стать развитие сельских территорий. Примите это как аманат народа», – сказал аксакал.
Также Жаркынбек Амантай посетил многодетную семью Окимбека Займолды. Они пожелали кандидату удачи и дали наказы, беспокоящие жителей сел нашей области.
«От всей души благодарен своему родному Кожамжару и землякам. Приложу все силы, чтобы оправдать их надежды и сделать жизнь всех павлодарцев лучше», — заверил земляков Амантай Жаркынбек.
- Изготовлено: ТОО «Аналитик ПВ»
- Заказчик: Ж. Амантай.
- Оплачено из средств Избирательного фонда кандидата в депутаты Мажилиса Парламента РК Ж. Амантай