Суббота, 20 апреля
Меню

ERG Service жөндеу қызметі бағытының түрлерін ұлғайтады

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 54
ERG Service жөндеу қызметі бағытының түрлерін ұлғайтады
Фото: ERG Service

«ССКӨБ» пен «Қашар кені» АҚ-ның Қостанай облысы Рудный қаласындағы жөндеу құрылымдары 2023 жылғы ақпанның 1-інен бастап «ERG Service» ЖШС құрамына өтті. Ұйымдастырушылық өзгеріс Еуразиялық Топтың жөндеу жұмыстары мен машина жасау активтерін орталықтандыру қамындағы ауқымды бағдарлама аясында қолға алынған.

ERG Service-тегі бұл ауқымды құрылымдық өзгеріс Еуразиялық Топтағы барлық техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары жүйесін реформалап, дамытуды көздейді. ERG Service қызметкерлерінің саны 60% ұлғайды. Сервистік компанияның жөндеу қызметі активінің құрамы 2 400 білікті маманмен толыққан. Бұл қатарда «ССКӨБ» АҚ Технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасы мен «Қашар кені» АҚ тау-кен және автокөлік жабдықтарын жөндеу басқармаларының персоналы бар. Энергетикалық жабдықтар жасап, оны жөндеумен айналысатын ERG Service енді тау-кен шахта жабдықтарын, фабрикасы кешеніндегі технологиялық жабдықтарды, темір жол көлігі мен ауыр жүк көліктері, бульдозерлерді жөндеу тәжірибесін толықтырып, осы саладағы біліктілігін арттырады.

«Жөндеу активтерін орталықтандыру жөндеу персоналының жүктемесін ұтымды үлестіру арқылы еңбек ресурстарын бұрынғыдан да тиімді жұмсауға септеседі, — деді  «ERG Service» ЖШС Бас директоры Сергей Перепечин. – Қазір бір персоналдың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөліп, олардың бесаспап болуына күш салып жатырмыз. Бұл жөндеу қызметтерінің тізімін ұлғайтып, мердігер ұйымдардың көмегінен бас тартып, осылайша орнықты тиімділік артады».  

Жұмыс орын ауыстырған мамандардың еңбекақылары қазіргі деңгейде сақталып, еңбек өтілі үзілмейді. Одан бөлек, жұмысшыларға заңнамалар мен Ұжымдық келісім шарттарда қарастырылған барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер сақталады.   

«Кіріктіру барысында біз өндіріс пен процестердің сабақтастығын сақтап,  жұмыстың үзідіксіздігін қамтамасыз етіп, қажет болған жерлерде жұмысты жетілдіре түсуіміз керек.  Бұған жұмысты ұйымдастыру ережелері, процестерді автоматтандыру, заманауи құрал-саймандар сатып алу, ықшам механизация құралдары мен жабдықтарын алу септеседі,- деді Сергей Перепечин. – Осылайша, күш біріктіру нәтижесінде біз ERG Service-тің тек Топ ішіндегі ғана емес, сыртқы нарықтардағы позицияларын да нығайта түсерімізге бек сенімдімін».