Эта история – пожалуй, самый яркий пример того, что рабство в XXI веке существует и, более того, процветает, и оно безнаказанно.
Гольяново, где произошли события, о которых мы расскажем в этой статье, – один из районов Москвы: маленький, густонаселенный. О нем казахстанцы впервые услышали в октябре 2012 года, когда из обычного с виду продуктового магазина российские активисты помогли бежать 11 работникам (среди которых были и наши соотечественники). Их всех там держали в рабстве.
Долгие годы владельцы магазина удерживали в подсобке людей, избивали, насиловали их и заставляли бесплатно работать. Помещение торговой точки и подвал – это все, что видели «гольяновские рабы» в течение многих лет. За пределы магазина им запрещалось выходить, хозяева следили за ними неусыпно, за каждую провинность избивали до полусмерти, общение с посторонними и с покупателями тоже было под строжайшим запретом.
30 октября 2012 года группа волонтеров российского движения «Альтернатива», которые выяснили, что в продуктовом магазине насильно удерживают людей, ворвалась туда вместе журналистами и телекамерами и, несмотря на сопротивление владельцев торговой точки, вытащила оттуда пленников. На видео видно, как узники магазина бегут оттуда и даже не оглядываются, лишь бы быть подальше от этого места.
На одном освобождении рабов гольяновская история не закончилась. Дальше начались долгие попытки привлечь рабовладельцев к ответственности. На тот момент никто из участников побега и не подозревал, что наказать хозяев магазина окажется… невозможно. Все уголовные дела правоохранительные органы закрывали из-за отсутствия состава преступления.
К слову, пленники из Гольяново до сих пор пытаются привлечь своих бывших хозяев к ответственности…
Истории рабов
После освобождения из продуктового магазина в Гольяново к помощи бывшим рабам подключились и казахстанские правозащитные организации. Шымкентский правовой центр «Сана Сезiм» почти с самого начала помогал казахстанцам вернуться к нормальной жизни, оказывал им юридическую, материальную и психологическую помощь.
История всех тех, кто пережил рабство в московской подсобке, практически одинакова. Граждан Казахстана, Узбекистана и Таджикистана приглашали работать в Москву продавцами, грузчиками, уборщиками, обещали хороший доход, теплое место. Им даже оплачивали проезд. Но, как только люди оказывались в магазине, начинался ужас. Паспорта у них отбирали сразу в день приезда, выделяли им уголок в подвальном помещении и объясняли условия. Тех, кто не понял, где оказался, убеждали единственным способом – жестоко избивали. Хозяева магазина умели внушать страх. Волю пленников подавляли систематическим насилием и тотальным контролем.
Жертв рабовладельцы выбирали, в основном из сирот или среди выходцев малообеспеченных семей – тех, кого никто не будет искать.
Свобода ценой здоровья
Историю Аиды и Сони (имена изменены) в правовом центре «Сана Сезiм» знают наизусть. Аида родилась и выросла в Шымкенте в многодетной семье, ее родители – инвалиды. Чтобы помочь им и самой заработать на жизнь, девушка перебивалась с одной работы на другую. В один прекрасный день ей позвонил двоюродный брат Галымжан, который трудился в том злосчастном магазине в Москве, и предложил работу. Аида согласилась. Будущие работодатели быстро организовали ей бесплатный проезд из Шымкента в столицу России. Как только девушка оказалась в магазине, у нее забрали паспорт. Из-за плохого русского Аиду определили работать на склад, где она разгружала тяжелый товар. Когда она впервые сказала, что хочет домой, Жанар (владелица магазина) припугнула ее полицией и для профилактики побила. Дальше избиения участились. После многократных побоев у девушки начались головные боли, проблемы с печенью и ногами.
В один из дней Аиде удалось бежать из магазина. Ей встретилась девушка из Кыргызстана, которая спрятала ее у себя и помогла обратиться в полицию. Когда Аида пришла писать заявление, в полицейский участок неожиданно пришли ее хозяева. Работодатели хотели увезти девушку с собой, но Аиде стало плохо, и пришлось немедленно госпитализировать ее. В больнице бывшую пленницу прооперировали, она провела там месяц.
Об Аиде узнали в Международной организации по миграции и помогли ей уехать домой. В Шымкенте она обратилась в «Сана Сезiм». Юристы центра помогли ей написать заявление в полицию. Однако спустя время уголовное дело свернули…
Пытки электрошокером
Соня попала в Москву в 2010 году. Она приехала туда вместе с 10-месячным сыном. Была надежда заработать на жизнь и не нуждаться. Работодатели пообещали присмотреть за ребенком, пока Соня будет на работе – трудилась она на складе в магазине. Очень быстро девушка поняла, что она попала в рабство. Она осталась без документов, ее кормили испорченными продуктами, зарплату, естественно, она в глаза не видела. Однажды Соню обвинили в краже денег из кассы, за это над ней устроили пытки – били электрошокером, обрили ей голову, посадили в холодильник, а позже заставили одного из рабочих изнасиловать ее…
История Сони тоже закончилась тщетными попытками привлечь истязателей к ответственности. Но настоящим ударом для девушки стало то, что по возвращении в Шымкент от нее отказались родители и выгнали из дома. Бывшие хозяева Сони успели позвонить им и убедить в том, что их дочь занималась проституцией в Москве.
Родила ребенка в подвале
Одна из самых знаменитых «гольяновских рабов» – это Фатима Мусабаева. Она вот уже десять лет не перестает обращаться в разные инстанции, чтобы наказать своих бывших рабовладельцев – тех самых хозяев московского магазина.
Фатима вместе с сестренкой Алией рано остались сиротами. Когда учились в колледже, их пригласили на заработки в Москву. Это была хорошая возможность накопить на учебу. Фатиме было 19 лет, Алие – еще меньше. Младшую девочку забрали работать няней, а старшую оставили в магазине в Гольяново. Фатима проработала три года. За это время девушка подвергалась побоям и жутким условиям проживания. Однажды она попыталась бежать и даже смогла обратиться в полицию, но стражи порядка вернули ее к хозяевам. Этот побег Фатиме рабовладельцы не простили. Во время одного из изнасилований девушка забеременела и позже родила прямо на полу подвала, где и жила. Ребенка у нее отобрали.
После побега из магазина Фатима смогла вернуть себе сына – он был болен и отставал в развитии. Сестренку Алию она ищет до сих пор. Юридическую помощь в Шымкенте Фатиме оказал центр «Сана Сезiм». Юрист организации Лилия Халиулина помогла девушке написать обращение к министру внутренних дел, но даже это не помогло делу сдвинуться с мертвой точки.
Состава преступления нет
Когда правоохранительные органы России отказались возбуждать уголовное дело, а полиция Казахстана беспомощно развела руками – мол, произошло все не на нашей территории, Фатима с помощью правозащитников «Сана Сезiм» обратилась в Страсбургский суд с жалобой на пытки, которые ей пришлось пережить. Фатима – одна из немногих бывших рабынь, которые до сих пор не опускают руки. Многие гольяновские пленники устали бороться против системы и пытаться наказать своих мучителей.
Хозяева магазина в Москве Жанар, Жансулу, Шолпан Истанбековы и муж одной из них Рашид – уроженцы Южного Казахстана – не понесли никакой ответственности. Более того, они продолжают работать в российской столице и управляют тремя магазинами.
Казахстанские и российские правозащитники недоумевают, почему следственные органы с завидным упорством пытаются замять скандал. Несмотря на многочисленные показания жертв и доказательства незаконного лишения свободы, пыток и использования рабского труда полиция не видит в произошедшем состава преступления.
Данная публикация была подготовлена при финансовой поддержке Европейского Союза. Содержание данной публикации является предметом ответственности авторов газеты «Наша жизнь» и не отражает точку зрения Европейского Союза.
«Гольяново құлдары»: мәскеулік дүкеннің тұтқындары
Бұл оқиға ХХІ ғасырдағы құлдықтың барын ашық дәлелдейтін мысал болмақ. Бүгінгі заманда заңсыздықтарға жол беріліп, құлдық дамып жатыр деп айтсақ, қателеспеспіз.
Бұл оқиға Мәскеудің аудандарындағы шағын елді мекендердің бірі -Гольяново жерінде орын алды. Бұл жер туралы қазақстандықтар алғаш рет 2012 жылдың қазан айында білді. Сол уақытта ресейлік белсенділер азық-түлік дүкенінен 11 жұмыскерге қашып кетуге көмектесті (олардың қатарында отандастырымыз да болды). Бұл адамдар құлдық тұзағында болды.
Дүкен иелері көп жылдар бойы адамдарды ұрып-соғып, тегін жұмыс істеуге мәжбүрледі. «Гольяново құлдары» тек сауда нүктесінің ғимараты мен жертөлесін ғана көріп өмір сүрді. Оларға дүкеннен алыс жерге шығуға тыйым салынды, қожайындар құлдарды жіті назарда ұстады. Ал сыртқа шығып кетсе, аяусыз қанаған. Сатып алушылармен сөйлесуге де рұқсат етілмеген.
2012 жылдың 30 қазанында «Альтернатива» ресейлік қозғалысының волонтерлер тобы азық-түлік дүкенінде кінәсіз адамдардың ұсталғанын анықтады. Еріктілер ғимаратқа бейнекамера және журналистермен бірге кіріп, қожайындардың қарсылығына қарамастан, тұтқындарды босатты. Бейнематериалда дүкен тұт-қындарының жан-жаққа қашқаны көрінеді.
Дегенмен, Гольяново оқиғасы осымен аяқталған жоқ. Кейін құлдарды ұстаған азаматтарды жауапкершілікке тартудың көптеген талпыныстары жасалды. Сол сәтте қашқындардың ешқайсысы дүкен иелерін жазаға тарту мүмкін еместігін ойлап та көрмеген. Құқыққорғау органдары қылмыстық істердің барлығын қылмыс құрамының жоқтығынан жауып отырды.
Айта кетейік, Гольяново құлдары өздерінің бұрынғы қожайындарын әлі күнге дейін жауапкершілікке тартуға әрекеттенуде.
Құлдардың оқиғалары
Гольяноводағы азық-түлік дүкеніндегі босатудан кейін бұрынғы құлдардың ісіне қазақстандық құқыққорғаушы ұйымдар да қосылды. Шымкенттік «Сана сезiм» құқықтық орталығы отандастарына қалыпты өмірге оралуға көмектесіп келеді. Оларға құқықтық, материалдық және психологиялық қолдау көрсетуде.
Мәскеулік қоймада құлдықта бол-ғандардың бастан өткергендері бір-біріне қатты ұқсас. Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары Мәскеуде сатушы, жүк тасушы, жинаушы болып жұмыс істеуге шақырылады. Оларға жақсы кіріс пен жылы орын болады деп те уәде берілген. Тіпті, жолақылары да төленген. Адамдар дүкенге келісімен, басқа өмір басталады. Қожайындар төлқұжаттарын тартып алып, жертөледе бір бұрыш бөліп береді. Кейін шарттарын да түсіндіреді. Бұған бой бермей, қашып кеткендері ұсталып, қатты соққыға жығылған. Дүкен иелері оларды қорқышынта ұстап отырған. Құлдардың әр қозғалысын бақылауда ұстап, зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Құл ұстаушылар құрбандарын аз қамтылған отбасылар мен жетім адамдардың таңдап отырған. Себебі, осы санатқа жататын азаматтарды іздейтіндер табыла қоймайды.
Денсаулық құрбан етілген еркіндік
«Сана сезім» орталығының мамандары Аида мен Соняның (есімдері өзгертілген) бастан өткергенін жатқа біледі. Аида Шымкентте көпбалалы отбасында туып-өсті. Ата-аналары — мүгедектер. Оларға көмектесу үшін Аида жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бір күні оған Мәскеудегі дүкенде жұмыс істейтін немере ағасы Ғалымжан хабарласып, жұмыс ұсынған. Қыз келісті. Болашақ жұмыс берушілер Шымкенттен Ресей астанасына дейінгі жолдың құнын төлеп берді. Азаматша дүкенге келісімен, төлқұжатынан айырылды. Аида орыс тілін нашар білетіндіктен, ол қоймада жұмыс істеді. Ауыр тауарларды тасумен айналысты. Ол үйіне оралғысы келетіні туралы айтқан кезде Жанар (дүкен иесі) қорқытып, ұрып-соққан. Кейін ұрып-соғулар жиілей берді. Соққылардың салдарынан келіншектің басы ауырып, аяқтары мен бауыры сыр бере бастады. Күндердің күнінде Аида дүкеннен қашып кетеді. Оған қырғызстандық азаматша көмектесіп, кейін полицияға хабарласуға қолғабыс жасады. Аида полиция учаскесіне өтініш жазуға келгенде, оны «қожайындары» да іздеп келген. Жұмыс берушілер оны қайта алып кеткісі келді, бірақ, келіншек ауырып қалды. Аида ауруханаға жатқызылды. Оған операция жасалып, бір ай бойы емделді. Аиданың жағдайы туралы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері естіп, Отанына оралуға көмектесті. Шымкентте болғанда «Сана сезім» орталығының көмегіне жүгінді. Заңгерлер полицияға шағым жазуға көмектесті, дегенмен, уақыт өте келе қылмыстық істің күші жойылды…
Электрошокермен қинау
Соня Мәскеуге 2010 жылы келді. Ол мегаполиске 10 айлық баласымен бірге келген. Басты мақсаты — нәпақа тауып, ешкімнен көмек сұрамау болатын. Жұмыс берушілер Соня жұмыста болғанда баласына қамқор болуға уәде берді. Ол дүкеннің қоймасында жұмыс істеді. Келіншек құлдыққа тап болғанын тез түсінді. Құжаттарынан айырылып, бұзылған азық-түлікпен қоректенді. Жалақыдан да қағылды. Бір күні оған «кассадан ақша ұрладың» деп жала жабылды. Болмаған әрекет үшін электрошокермен азапталып, шашын тақырға дейін алып тастады. Тоңазытқышқа отырғызып, жұмыскерлердің біріне оны зорлауға мәжбүрледі… Соняның оқиғасынан кейін ешкім жауапқа тартылмады. Талпыныстар еш нәтиже бермеді. Азаматша үйіне оралғанда, ата-аналарынан да опық жеді. Туғандары оны үйінен қуып жіберді. Себебі, бұрынғы жұмыс берушілері Соняна ата-анасына хабарласып, қыздарының жезөкшелікпен айналысқанын жеткізген.
Жертөледе босанды
Гольяново құлдарының ішіндегі ең танымалы — Фатима Мұсабаева. Ол 10 жыл бойы түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырып келеді. Мақсаты — бұрынғы жұмыс берушілерін, мәскеулік дүкен иелерін жазалау. Фатима сіңлісі Әлия екеуі ата-аналарынан ерте айырылды. Колледжде оқып жүргенде Мәскеуге жұмысқа шақырылды. Бұл ақша жинап, оқу үшін төлеуге жақсы мүмкіндік еді. Фатима — 19 жаста болса, Әлия одан кішілеу. Сіңлісі күтуші болып жұмыс істеуге кетсе, Фатима Гольяноводағы дүкенге келді. Үш жыл бойы жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында бойжеткен соққыға жығылып, қиын тұрмыс кешті. Күндердің күнінде қашып кетіп, полицияға да барған. Бірақ, бұрынғы дүкені мен қожайындарына қайта оралды. Оның бұл әрекетін жұмыс берушілер кешірмеді. Зорлық-зомбылыққа ұшырап, жүкті болып қалды. Тоғыз айдан соң өзі тұрған қойманың еденінде босанды. Қатыгез адамдар баласын алып кетті.
Кейін Фатима баласын өзіне қайтарып алды. Ұлы ауруға шалдығып, дамуы кешеуілдеп жатқаны белгілі болды. Фатима сіңлісін әлі күнге дейін іздеп жүр. Шымкенттегі «Сана Сезім» орталығының көмегін алды. Заңгер Лилия Халиулина ішкі істеп министріне хат жазуға көмектесті. Десе де, бұл да істі бір нүктеден қозғалтпады.
Қылмыстың құрамы жоқ
Ресейдің құқыққорғау органдары қылмыстық іс қозғауда бас тартып, Қазақстан полициясы әрекет етпегенде, Фатима Страсбург сотына хабарласты. «Сана сезім» орталығы құқыққорғаушыларының көмегімен халықаралық сотқа шағым түсірді. Фатима – құқықтарын қорғап, же-ңілгісі келмейтін бұрынғы құлдардың бірі. Гольяново тұтқындарының көбі бұл жүйеге төтеп бере алмай, әбден шаршаған.
Мәскеудегі дүкен иелері Жанар, Жансұлу, Шолпан Истанбековалар мен олардың бірінің жолдасы Рашид — Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы жауапқа тартылған жоқ. Олар әлі күнге дейін Мәскеуде жұмыс істеп жатыр, үш дүкенді басқарады.
Қазақстандық және ресейлік құқық-қорғаушылар тергеу органдарының қол қусырып, жанжалды басып тастайтынына аң-таң. Құрбандардың бостандықтан заңсыз айырылуға, ұрып-соғу, құл еңбегін пайдалануға қатысты дәлелдері мен көптеген жауаптарына қарамастан, полиция қылмыстардың құрамын көрмей отыр.
Бұл басылым Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен әзірленген. Басылымның мазмұны газетi «Наша жизнь» жауапкершілігіне жатады және Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.