Четверг, 7 ноября
Меню

Карантин кезінде Павлодар облысының азық-түлік базарлары 06:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 1053
Карантин кезінде Павлодар облысының азық-түлік базарлары 06:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Жұмыс күнін қысқартып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейте отырып, базарлардың қызметін тоқтатпауға шешім қабылданды. Бұл шағын азық-түлік дүкендерінің басым бөлігі тауарды базарда сатып алу мүмкіндігінсіз қалмауы үшін жасалған.

Тиісті түзетулер Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің аймақ аумағында карантин режимі туралы қаулысына енгізілді. Егер алғашында барлық азық-түлік базарлары өз қызметін тоқтатуы керек болса, енді олар 06:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс жасай алады. Бұл ретте 06: 00-ден тек көтерме сатып алушыларға қызмет көрсетуге рұқсат етілген. Бөлшектеп сату үшін — 09:00-ден бастап үш сағат бөлінеді.

— Бұл тұрғыда барлық азық-түлік базарларына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қойылады, — деп хабарлады журналистермен тікелей брифинг барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов. – Бұл дегеніміз,  сатып алушылар мен сатушылар арасында екі метрден астам ара-қашықтық сақталуы, сатушылар әрдайым медциналық бетперделер мен перчаткалар қолдануы, әр екі сағат сайын ылғалды тазалау, әр үш сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдардың көмегімен қолданылатын заттардың, үстелдің үстін сүрту сияқты талаптар қойылады. Бұл ережелер бұзылған  жағдайда азық- түлік базарлары жабылады.

Асаин Байханов атап өткендей, барлық ұсақ дүкендер тауарларын үлкен базарлардан сатып алады. Көкөністер, жемістер, ет және басқа тауарлар дүкен сөрелеріне базарлардан келеді. Сондықтан базарларға жұмыс күнін қысқартып істеуге рұқсат берілді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі