Среда, 6 ноября
Меню

COVID-19 тосқауылдарына қарамастан ERG Service өнімнің жаңа түрін меңгерді

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 1058
COVID-19 тосқауылдарына қарамастан ERG Service өнімнің жаңа түрін меңгерді

ERG-дің (Еуразиялық Топ) жабдықтар жасап, оларға қызмет көрсетіп, қолдап және жөндеу, қосалқы процестермен айналысатын орталықтандырылған сервистік кәсіпорны жаңа өнім түрі ортажүрісті білдекті диірмендерге арналған құрсау шығара бастады.  

Мұндай құрсаулар «ЕЭК» АҚ электр станциясының қайта жаңғыртылған №2, №5 және №6 энергоблоктарында қолданылған. Көмірді ұсататын бұл диірмендер «А» санатты – яғни кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қондырғылар қатарына жатады.  

Құрсау шығару жұмыстарын ERG Service құю механикалық цехының мамандары атқарып, құрсаудың модельдік үлгісін дайындап, оны балқытып қаптастыру технологиясы пысықталды.

– Бұрын бұл қосалқы бөлшек Ресейде жасалып, осында жеткізілетін. Кейін келе украиналық компаниямен келісім шарт жасастық, — дейді «ERG Service» АҚ Бас директоры  Сергей Ельчищев. – Covid-19 коронавирус пандемиясы салдарынан барлық шекара жабылған соң, бұл қажеттілікті өзіміз өтеуді ұйғардық. Қолда бар инженерлік және өндірістік потенциалымызды толық пайдаланып, бар күш-қуатымызды ERG кәсіпорындарында туындаған қажеттіліктерді өтеудің баламалы жолдарын табуға бағыттап жатырмыз. Оған қоса, біздің жаңа өніміміз осы салада жұмыс істейтін өзге де кәсіпорындардың қажеттілігін өтей аларына үміттіміз. Қолымызда бар топішілік ресурстарды толық пайдаланған жағдайда, туындаған бұл дағдарысты да еңсеруге сеп боларына сенімдімін. Әрі бұл жаңа мүмкіндіктер тудырып, жұмыс тиімділігін арттыруға да сеп.

Аймақта жарияланған карантин ERG Service қызметіне де әсер етіп, кейбір шаруаларға өзгерістер енгізуге тура келді. Алайда, жөндеу жұмыстарына қолбайлау болып, тоқтатқан жоқ. Ірі тапсырыстар қатарынан – «ЕЭК» АҚ электр станциясының №6 энергоблогын күрделі жөндеу (мұнда) мен «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО №2 қазандық агрегатын жөндеу жұмыстары (мұнда) кестеге сай атқарылып келеді.  

Сөйте тұра, сервистік компания COVID-19 инфекциясының таралуына тосқауыл болу үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шараларды қолға алған (мұнда). ERG Service-тің өндірістік құрылымдарындағы жұмысшылардың жиындары барынша азайтылды. Басқарудың барлық деңгейдегі отырыстары онлайн конференция, бейнебайланыс түріне көшкен.

Бақылау өткізу қосындары, асханалар мен жалпыға ортақ орындардың бәріне тегіс санитайзерлер орнатылған. Кіреберіске қызметкерлердің дене қызуын өлшейтін теплозиворлар жеткізіліп, қосылды. Ауысым тапсырмаларын беру кезінде де адамдардың дене қызуы тағы бір мәрте өлшенеді.

ERG Service-тің өндірістік құрымдарында арнайы фильтр бөлмелер жабдықталған. Өткір жұқпалы респираторлық ауру белгілері байқалған қызметкрелер осында жолданады. Аталған орындар аптисептикалық өңдеу мен өзге де қажетті жарақтармен толық қамдалған. Дене қызуы жоғарылаған қызметкерлерді тіркейтін арнайы журнал  басталды.

Қызметкерлердің топтасуын болдырмау үшін асханалар мен оларды жұмысқа жеткізетін автобустар кестесі өзгертіліп, кеңсе қызметкерлерінің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Жұмысқа шығуы қажет болған өндірістік құрылым қызметкерлері қосымша жеке қорғаныс құралдары – респираторлар және бірнеше мәрте пайдалануға жарамды маскалармен қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, сервистік компанияның барлық қызметкерлері коронавирус инфекциясының алдын алу мен оған тосқауыл болуға қажетті өзекті ақпараттан тұрақты әрі уақытылы құлағдар етіліп отыр.

Қосымша ақпарат:

«ERG Service» АҚ, Павлодар қ., 

Корпоративтік коммуникациялар қызметі

т/ф.: +7(701) 613 8429

Olga.Vareneva@erg.kz

«ERG SERVICE» АҚ  – Еуразиялық Топтың жабдықтарды жасаумен, оларға қызмет көрсетіп, қолдап және жөндеу, қосалқы процестермен айналысатын орталықтандырылған сервистік кәсіпорны.

«ERG Service» АҚ өндіріс пен жөндеу жұмыстарын стратегиялық және жедел реттеу, атқарылатын жұмыс сапасы мен оның уақытылы әрі құнының сәйкес болуын, компания қажеттіліктеріне сай өнімдердің жасалуына жауапты. Компания сондай-ақ, стратегиялық жобалардың инжинирингін атқарып, кадрлық қамтамасыз ету, іс сапарларды рәсімдеу сынды бағыттар бойынша әкімшілік қызмет көрсетеді.

«ERG Service» АҚ құрамына Павлодар машина жасау зауыты, Өндірістік жөндеу құрылымы мен құю механикалық цехы кіреді.

Eurasian Resources Group туралы анықтама

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады. 2019 жылы Eurasian Resources Group өзінің Қазақстандағы 25-жылдық мерейтойын атап өтті, ал Люксембургтегі кеңсесінің қызметіне 5 жыл толды.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service.

Африкада ERG мыс және кобальт кендерін қазып алады, мыс концентраты мен кобальт гидроксидін өндіреді. Жақында Топ Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) кәсіпорнын іске қосты, ол Конго Демократиялық Республикасындағы бұрыннан жиналған өндіріс қалдықтарын қайда өңдеу бойынша ірі кәсіпорын болып табылады.

Сонымен қатар, компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елдерде, атап айтқанда Оңтүстік Африка Республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру жобалары бар. Топ құрлықтағы өзінің жеткізілімдерінің тізбегін Sabot атты арнайы көліктік компанияның көмегімен жүзеге асырады, ол «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінде құрлықаралық тасымалдау қызметін көрсетеді.

Бразилияда ERG Pedra de Ferro жобасын, Pedra de Ferro кен орнында темір кенін өндіру бойынша біріктірілген кешенді, Porto Sul теңіз портын және FIOL құрлық аралық темір жолын дамытып жатыр.

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық Aльянстың құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.