Четверг, 18 апреля
Меню

АИТВ туралы білімің саған көмек болады

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 1315
АИТВ туралы білімің саған көмек болады

Қазіргі  заманда АИТВ мен ЖИТС туралы естімеген адам жоқ шығар. Әрине, адамдардың көбі осы мәселенің оларға ешқандай қатысы жоқ деп ойлайды. Осындай сенімділік негізсіз болмас үшін, өзіңді және жақын адамдарыңды қорғауға мүмкіндік алу үшін, бүгінгі, яғни ХХІ ғасырдың АИТВ-жұқпасы бұл не екенін білу қажет.

         АИТВ дегеніміз не?

АИТВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) -адамға ең қауіпті вирустарының бірі. Адам ағзасын жұқпалардан қорғауға арналған иммундық жүйені зақымдайды.

АИТВ жұққанда, бірнеше аптадан кейін аурудың белгілері пайда болады: дене қызуы жоғарылайды, лимфа түйіндері ұлғаяды, тамақ ауырады, теріге қызыл түсті дақтар шығады, іш өтеді. Түсініксіз күй тез арада басылады, ал кейде тіпті белгісіз өтеді.

Бірнеше жыл бойы вирус адамды мазаламай белгісіз күйде өтеді. Бірақ осы кезде ол біртіндеп адамның иммундық жүйесін зақымдайды, негізгі жасушалар-лимфоциттер арқылы таралады. Сырттай АИТВ-жұқпасы тек лимфа түйіндерінің ұлғаюмен көрінеді.

         ЖИТС-ты емдейтін дәрі бар ма?

Бүгін АИТВ-жұқпасы бар адамның емдеусіз өмір сүрудің орта мерзімі -5-10 жылдай. АИТВ мен ЖИТС-ке қарсы «ғажап» вакцина әлі табылмаса да, осы бағыттағы зерттеулер қарқынды дамуда, әрі сәтті нәтиже беруде. Қазіргі таңда жұқпаның таралуын бәсендететін  және АИТВ-ның ЖИТС сатысына өтпеуіне жол бермейтін дәрі-дәрмектер бар. 15 жыл бұрын осы дәрі-дәрмектер пайда болған кезде емдеуді бастаған науқастардың көбі, қазірдің өзінде өздерін жақсы сезінеді, отбасыларын құрып, жұмыс істейді. Дәрігерлер олардың өмір сүру уақыты туралы  оң болжам беруде.

         АИТВ жұқтыру тәуекелі кімде жоғары?

Қоғамда АИТВ «тарататын» адамдардың көбі тәуекелге апаратын міңез-құлықты ұстанатындар деп есептейді: дәстүрлі емес жыныстық қатынасты ұстанатын ер адамдар, инъекциялық есірткілер тұтынушылары, кездейсоқ жыныстық қатынасқа жии түсетін адамдар.

Бірақ, соңғы жылдары АИТВ-іңдетінің «беті» күрт өзгерді. Бүкіл әлемде, сондай-ақ бізде де АИТВ-жұқпасының гетеросексуалдық жолмен берілу жағдайлары өсуде.

АИТВ жұқтырып алған адамдардың ішінде, инъекциялық есірткі тұтынушылары мен дәстүрлі емес жыныстық қатынасты ұстанатындар аз, керісінше гетеросексуалдық жолмен ауруды жұқтырып алғандардың саны жылсайын көбеюде. АИТВ-жұқпасы бар әйелдердің саны артуда. Сондықтан да АИТВ-жұқпасы бар анадан туған балалардың саны  өсуде.

— АИТВ-ны  қалай алдын алуға болады? 

АИТВ-ның кең таралуына қарамастан, ауруды алдын алуға болады. Сақтану ережелері қарапайым әрі сенімді. Алдын алу үшін:

 жыныстық қатынас кезде мүшеқапты пайдалану;

түрлі емшараларда залалсыз медициналық  құралдарды пайдалану.

АИТВ-жұқпасы бар әйел, жүктілік кезінде емдеуді уақытында бастаса, дені сау баланы дүниеге әкелу мүмкін.

         Өзімде АИТВ бар екенін білу не үшін қажет?

АИТВ жұқтырып алу қауіпі болған жағдайдан кейін қорқуды тоқтату үшін.

Жақын әрі сүйікті адамдарға ауруды жұқтырып алмау үшін.

Өз денсаулығына мұқият қарау үшін, себебі АИТВ-жұқпасы кезінде кез келген ауру арнайы емдеуді қажет етеді. Әсіресе бұл жыныстық жолмен берілетін жұқпаларға, вирустық гепатиттерге, туберкулезге және т.б. ауруларға қатысты.

Аурудың таралуын бәсендететін және ЖИТС-тың дамуын болдырмайтын арнайы препараттармен уақытында емдеуді бастау үшін. АИТВ-жұқпасының ерте кезде анықталуы емдеуді ерте бастауға және АИТВ-жұқпасы бар адамның өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Павлодар облыстық ЖИТС орталығының

бас дәрігердің орынбасары

Бақыт Қаткенқызы Жанахметова