Суббота, 20 апреля
Меню

Жеке құрамға арналған семинарлар

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 1057
Жеке құрамға арналған семинарлар

Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері пенитенциарлық жүйеде алдын алу жұмысын жалғастыруда.

АП-162/1 мекемесінде эпидемиолог-дәрігер С.Ю.Сидоров жеке құрамға семинар өткізді. Семинардың мақсаттары мен міндеттерін айқындап, қатысушыларға тестілеу сауалнамаларын таратты. Алдын ала тест алдындағы сұрақтарға қалай жауап беру керек екендігі туралы ақпарат берді.

Кездесу басында еліміздегі, облысымыздағы, сонымен қатар пенитенциарлық жүйедегі АИТВЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайды атап өтті. Қарқынды көрсеткіш бойынша Павлодар облысы екінші орынды алып тұр, яғни АИТВ ЖИТС бойынша алдын алу жұмысты белсендіруге себеп бар деген сөз.

АИТВ-ны жұқтыру және жұғу жолдары тақырыбы ерекше назарда болды. «АИТВ деген не» бейнефильмі қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет ететін адамдардың жаңа алған білімдерін бекітті. Қатысушылардың қойылған сұрақтары осыған дәлел. Семинар аяқталмас бұрын тест қайталанды. Тест нәтижелері семинар-тренингтің 46 қатысушысы АИТВ-ны алдын алу сұрақтары бойынша өз білімдерін жақсартқанын көрсетті.

Роза АПАЕВА, НЖ№12, 26.03.15