Среда, 13 ноября
Меню

Павлодар кәсіпкерлеріне арналған семинар-тренинг

  • Редакция «Наша Жизнь»
  • 1081
Павлодар кәсіпкерлеріне арналған семинар-тренинг

Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы Облыс кәсіпкерлер палатасында «АИТВ/ЖИТС-тың бизнесті жүргізуге ықпалы» тақырыбына семинар-тренингті өткізді.

Семинар-тренингті басында Облыс кәсіпкерлер палатасының жобаларды жүргізу, талдау және мониторинг жасау бөлімінің бастығы Н.П.Кузят бизнесмендерге аумақтың инфрақұрылымдық даму жоспарының басымдылықтары туралы хабар берді. ЖИТС ОО-ның бас дәрігердің орынбасары Б.Қ.Жанахметова өз сөзін «Қазақстан АИТВ-жұқпасысыз» ұранымен кәсіпкерлер саласында АИТВ/ЖИТС-ты алдын алу жөніндегі жұмысты күшейту мәселесіне арнады, осы міндетті іске асыру – ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың басымды бағыттары болып табылады.

ЖИТС орталығының эпидемиолог – дәрігері Ә.М.Асылханова жылсайын бизнес құрылымдарының басшыларын денсаулық сұрақтары бойынша сауалнамасын жүргізуді көздейтін Дүниежүзілік экономикалық  форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есепті дайындау бойынша бірлескен жұмысты жасау сұрағына тоқталды. Кәсіпкерлерге облыстағы АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат дайындалды.

Семинар қатысушылары тест алдындағы және тесттен кейінгі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Сауалнама қорытындысы кәсіпкерлер АИТВ/ЖИТС-тың жұғу жолдары хабардар екенін көрсетті. Ең бастысы – олар таңба қою және тең құқықтан айыру туралы түсініктерді алды және бизнес басшысының осы мәселеге көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Роза АПАЕВА, НЖ№10, 12.03.15